https://sputnik.kz/20260618/toqaev-tmu-zhogargy-sot-toragalarymen-salany-tsifrlandyru-maselesin-talqylady-64219428.html
Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады
Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек, деді мемлекет басшысы 18.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-18T15:49+0500
2026-06-18T15:49+0500
2026-06-18T15:51+0500
президент
түркі мемлекеттері ұйымы
сот
https://sputnik.kz/img/07ea/06/12/64217112_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_3a6605e89d5ce8c25cf98ff7d99c05f3.jpg
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Президент ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын айтты.Мемлекет басшысы қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды."Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Ертең Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады", – деді мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет беріп, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Ата заңы күшіне енетінін айтты.Сонымен қатар Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау саласын реформалау бойынша атқарылған ауқымды жұмысқа тоқталды.
https://sputnik.kz/20260618/amandasu-kezinde-orynsyz-areketterge-zhol-beredi-toqaev-adep-maselesin-koterdi-64211326.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/12/64217112_96:0:1185:817_1920x0_80_0_0_5a41d0114019f45749f449a1787a85cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, түркі мемлекеттері ұйымы, сот
президент, түркі мемлекеттері ұйымы, сот
Тоқаев ТМҰ жоғарғы сот төрағаларымен саланы цифрландыру мәселесін талқылады
15:49 18.06.2026 (жаңартылды: 15:51 18.06.2026) Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек, деді мемлекет басшысы
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Президент ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын айтты.
"Ертең Түркістан төрінде өтетін алқалы жиын соның айқын көрінісі болмақ. Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор. Сондықтан жоғарғы соттар арасындағы өзара тығыз байланысты тереңдету бауырлас елдеріміздің ортақ мүддесіне толық сай келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды.
"Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Ертең Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет беріп, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Ата заңы күшіне енетінін айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау саласын реформалау бойынша атқарылған ауқымды жұмысқа тоқталды.