https://sputnik.kz/20260618/amandasu-kezinde-orynsyz-areketterge-zhol-beredi-toqaev-adep-maselesin-koterdi-64211326.html
"Амандасу кезінде орынсыз әрекеттерге жол береді": Тоқаев әдеп мәселесін көтерді
"Амандасу кезінде орынсыз әрекеттерге жол береді": Тоқаев әдеп мәселесін көтерді
Sputnik Қазақстан
Президент өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс екенін атап өтті 18.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-18T13:53+0500
2026-06-18T13:53+0500
2026-06-18T13:53+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55721916_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_09a5fd799a0fd1f7e9f7b70d62cc0d3e.jpg
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Ақордада медицина қызметкерлеріне арналған салтанатты шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесі туралы айтты.Айтуынша, озық, заманауи елдің азаматтары ең алдымен қоғамда, яғни, көпшілік ортада, әсіресе, жұмыс орнында өздерін орынды ұстай білуі қажет.Тоқаев өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс екенін, ал мұның бәрі қоғамдық орындарда әдеп сақтау, өзін дұрыс ұстау басталатынын атап өтті. Біз осы құндылықтарды кеңінен дәріптеу арқылы қоғамда жаңа этикалық нормаларды орнықтыруымыз қажет, деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20260618/zhana-ata-zanymyzda-densaulyq-saqtau-maselesine-ayryqsha-man-berildi---toqaev-64208922.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/11/55721916_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_84b75f4b8fe0d32fb7c5d5c4a46f6432.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
"Амандасу кезінде орынсыз әрекеттерге жол береді": Тоқаев әдеп мәселесін көтерді
Президент өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс екенін атап өтті
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Ақордада медицина қызметкерлеріне арналған салтанатты шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесі туралы айтты.
"Тағы бір өзекті мәселе. Өздеріңізге мәлім, ауқымды реформалардың арқасында Қазақстан жаңа тұрпатты елге айнала бастады. Азаматтарымыздың болмыс-бітімі, мінез-құлқы, дүниетанымы өзгеріп жатыр. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Бірақ құқықтық ел болу Ата заңда ғана бекітіліп қойған қағидат емес. Құқық күнделікті күйбең тірліктен басталуы қажет. Бұл – әр адамның жүріс-тұрысы, әдебі, тәртібі, тіпті, мінез-құлқы заңға қайшы болмауы керек деген сөз", - деді Тоқаев.
Айтуынша, озық, заманауи елдің азаматтары ең алдымен қоғамда, яғни, көпшілік ортада, әсіресе, жұмыс орнында өздерін орынды ұстай білуі қажет.
"Соңғы уақытта көп адамдардың, тіпті, амандасу кезінде өрескел, орынсыз әрекеттерге жол беріп жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты күшейте түсу қажет. Бұл – жай ғана шағын мәселе емес. Әр халықтың тұрмыстық салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына қарап шетел адамдары сол елдің қаншалықты мәдениетті, дамыған жұрт екендігі жөнінде пайым жасайды", - деді президент.
Тоқаев өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс екенін, ал мұның бәрі қоғамдық орындарда әдеп сақтау, өзін дұрыс ұстау басталатынын атап өтті.
Біз осы құндылықтарды кеңінен дәріптеу арқылы қоғамда жаңа этикалық нормаларды орнықтыруымыз қажет, деді мемлекет басшысы.