Жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді - Тоқаев

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Жазылу
Президент медицина қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтады
АЛМАТЫ, 18 маусым - Sputnik. Тоқаев Ақордада медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
"Өткен жылы біз ардақты кәсіп иелері – медицина мамандарын алғаш рет Ақордаға шақырып, құрмет көрсеттік. Биыл да игі дәстүрге сай өздеріңізді осы жерде көргеніме өте ризамын. Халқымыз "Бірінші байлық – денсаулық" деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен", - деді президент.
Президент "Жаңа Ата заңда" денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілетінін айтты.
Айтуынша, ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аударылды. Соған сәйкес Конституцияда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қағидаттары айқындалды.
© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев медицина қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Тоқаев медицина қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Тоқаев медицина қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды.

"Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды", - деп атап көрсетті президент.

Президент медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы пікір білдірді.

"Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам маман қызмет етеді.
Олардың мәртебесін көтеру және беделін күшейту еліміз үшін басымдыққа ие міндет болып қала береді. Дәрігерлердің қауіпсіздігін қатаң қадағалау жұмысы айрықша назарда болуға тиіс. Мен осы жылдың басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойдым. Бұл шешім қоғамымызда берік орнығып жатқан Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді", - деді Тоқаев.
Алматы дәрігерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Сенат медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар үшін жазаны күшейтуді мақұлдады
Жаңалықтар
0