Тоқаев салалық жоғары оқу орындарына медицина қайраткерлерінің есімін беруді құптады
13:17 18.06.2026 (жаңартылды: 13:18 18.06.2026)

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Бұл туралы президент медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді
АЛМАТЫ, 18 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы салалық жоғары оқу орындарына көрнекті медицина қайраткерлерінің есімін беру туралы бастаманы құптады.
"Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған "Астана медицина университеті" цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын", - деді президент.

Тоқаев салалық жоғары оқу орындарына медицина қайраткерлерінің есімін беруді құптады
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Сонымен қатар президент астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болатынын айтты.
"Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Поспеловтің атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдаймын", - деді Тоқаев.
Белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы – тарихи әділеттілік, деді ол.