https://sputnik.kz/20260618/prezident-oblys-akimderine-emkhanalar-men-aurukhanalardyn-qurylysyn-zhedeldetudi-tapsyrdy-64226684.html
Президент облыс әкімдеріне емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдетуді тапсырды
Президент облыс әкімдеріне емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу... 18.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-18T19:31+0500
2026-06-18T19:31+0500
2026-06-18T19:34+0500
президент
әкімдік
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817215_0:157:3082:1891_1920x0_80_0_0_8f06deb66c723e6bd32361fdc988e3e7.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Ақорда.Әкімдер президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.Мемлекет басшысы Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті.Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
https://sputnik.kz/20260616/toqaev-bayqonyr-turgyndarynyn-aleumettik-turmystyq-zhagdayyn-zhaqsartuga-nazar-audardy-64167487.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817215_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_6a6c3c7de2b07d05d29a0d364f1b10a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, әкімдік, аурухана
президент, әкімдік, аурухана
Президент облыс әкімдеріне емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдетуді тапсырды
19:31 18.06.2026 (жаңартылды: 19:34 18.06.2026) Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Ақорда.
Әкімдер президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.
Мемлекет басшысы Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті.
Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
"Қасым-Жомарт Тоқаевбалалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді. Сондай-ақ "Таза Қазақстан" қоғамдық-саяси акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу аса маңызды екенін атап айтты", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді.