https://sputnik.kz/20260618/barimizdi-kinoga-degen-makhabbat-biriktiredi-gulnara-dosmatova-euraziya-kinofest-turaly-64231564.html
"Бәрімізді киноға деген махаббат біріктіреді": Гүлнара Досматова "Еуразия Кинофест" туралы
"Бәрімізді киноға деген махаббат біріктіреді": Гүлнара Досматова "Еуразия Кинофест" туралы
Sputnik Қазақстан
Осы орайда ол Қазақстанда кино саласы қазір айтарлықтай қарқын алып, ауыл-аймақ, отбасы, салт-дәстүрді еске түсіретін туындылармен толығып жатқанын жеткізді 18.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-18T21:53+0500
2026-06-18T21:53+0500
2026-06-18T22:01+0500
кино
ресей
кинофестиваль
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64162353_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_4a2f1e0ff64293c333a184e8df6691a2.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. "Еуразия Кинофест" қазылар алқасының мүшесі, қазақстандық Гүлнара Досматова іс-шараға нағыз киносүйер жандар жиналғанын айтты.Ол режиссерлер әлемнің түрлі елдерінен осында келіп, кинематография тілі арқылы пікір алмасып, толғандырған мәселелерін көрерменге жеткізетінін мәлімдеді.Осы орайда ол Қазақстанда кино саласы қазір айтарлықтай қарқын алып, ауыл-аймақ, отбасы, салт-дәстүрді еске түсіретін туындылармен толығып жатқанын жеткізді."Мұнда барлығы бір тілде сөйлеп жатыр. Ол - кино тілі. Сондықтан олар бір-бірінің тілін түсінбесе де, өзара түсінісіп жатыр. Мұнда бәрімізді бәр нәрсе біріктіреді. Ол - киноға деген махаббат", - деді Досматова.Ол кинофестивальге ұзақ ғұмыр тілеп, "үшінші фестиваль – бұл әлі де тек қыздыру кезеңі ғана" екенін айтты."Фестивальдің ғұмыры ұзақ болып, жылдан-жылға қанат жайып, жаңа таланттарды танытып, жаңа белестерді бағындыра беруін қалаймын. Біз де әрдайым осы жерде болып, оның жетістіктеріне куә болсақ екен", – деді ол.
https://sputnik.kz/20260617/qazaqstandyq-film-euraziya-kinofest-festivalinin-konkurstyq-bagdarlamasyna-endi-64180047.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64162353_141:0:1280:854_1920x0_80_0_0_e202fdb00fefc792b2090fc61141510f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кино, ресей, кинофестиваль
кино, ресей, кинофестиваль
"Бәрімізді киноға деген махаббат біріктіреді": Гүлнара Досматова "Еуразия Кинофест" туралы
21:53 18.06.2026 (жаңартылды: 22:01 18.06.2026) Осы орайда ол Қазақстанда кино саласы қазір айтарлықтай қарқын алып, ауыл-аймақ, отбасы, салт-дәстүрді еске түсіретін туындылармен толығып жатқанын жеткізді
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. "Еуразия Кинофест" қазылар алқасының мүшесі, қазақстандық Гүлнара Досматова іс-шараға нағыз киносүйер жандар жиналғанын айтты.
Ол режиссерлер әлемнің түрлі елдерінен осында келіп, кинематография тілі арқылы пікір алмасып, толғандырған мәселелерін көрерменге жеткізетінін мәлімдеді.
"Түрлі тақырыптар қозғалып жатыр. Жеке өз басының немесе елінің проблемасын кино арқылы ұсынғанымен, ол проблема кез-келген елде бар, әрбір аймақ үшін өзекті екені таңғалдырып жатыр", - дейді қазақстандық актриса.
Осы орайда ол Қазақстанда кино саласы қазір айтарлықтай қарқын алып, ауыл-аймақ, отбасы, салт-дәстүрді еске түсіретін туындылармен толығып жатқанын жеткізді.
"Мұнда барлығы бір тілде сөйлеп жатыр. Ол - кино тілі. Сондықтан олар бір-бірінің тілін түсінбесе де, өзара түсінісіп жатыр. Мұнда бәрімізді бәр нәрсе біріктіреді. Ол - киноға деген махаббат", - деді Досматова.
Ол кинофестивальге ұзақ ғұмыр тілеп, "үшінші фестиваль – бұл әлі де тек қыздыру кезеңі ғана" екенін айтты.
"Фестивальдің ғұмыры ұзақ болып, жылдан-жылға қанат жайып, жаңа таланттарды танытып, жаңа белестерді бағындыра беруін қалаймын. Біз де әрдайым осы жерде болып, оның жетістіктеріне куә болсақ екен", – деді ол.