Авиациялық отын өндірісі соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАвиациялық отын өндірісі соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
Авиациялық отын өндірісі соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Жазылу
Сәуірмен салыстырғанда мамырда 86% өсім тіркелді
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. 2026 жылдың мамыр айында авиациялық отын өндірісінің көлемі 96,4 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюро Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бұл 2026 жылдың сәуірімен салыстырғанда 86%-ке және 2025 жылдың мамырымен салыстырғанда 49%-ке өскенін білдіреді.

"Ағымдағы көрсеткіш 2013 жылдың басынан бергі кез келген ай үшін рекорд орнатып, 2024 жылдың тамыз айындағы бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен 28%-ке асып түсті. Жаңа деректерде аймақтық бөлініс әзірше қамтылмағанымен, өсім ішінара Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты болды деп болжауға болады", - деп хабарлады бюро.

Қаңтар-мамыр айларындағы керосин өндірісінің жалпы көрсеткіштері де 2013 жылдан бері болмаған жоғары деңгейге жетті, дейді сарапшылар. Бес айдағы өндіріс көлемі 344,9 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7%-ке өсті.

"Қазақстанның ішкі нарығында жанармаймен өзін-өзі қамтамасыз ету тұрақты деңгейде сақталып келеді. Мысалы, қаңтар-сәуір айларындағы соңғы қол жетімді деректерге сүйенсек, импорт 121,5 мың тоннаны құрап, жалпы жеткізілімнің 32%-ін құрады. Отандық өндіріс пен импорттың жыл сайынғы жиынтық көлемі артып, ішкі сқраныс жыл сайын 8%-ке өсті, - дейді мамандар.

Ресей дәстүрлі түрде әуе отынының негізгі жеткізушісі болып табылады. Мәскеу маусым айынан бастап авиакеросинді экспорттауға тыйым салғанымен, Қазақстанға жеткізілімдер бұл шектеуден босатылды және одан әрі жалғасады, деп растады Энергетика министрлігі.
Мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
Қазақстанда дизель отыны мен бензинді әкетуге тыйым ұзартылуы мүмкін
Жаңалықтар
0