https://sputnik.kz/20250227/qazaqstanda-dizel-otyny-men-benzindi-aketuge-tyyym-uzartyluy-mumkin-51206667.html
Қазақстанда дизель отыны мен бензинді әкетуге тыйым ұзартылуы мүмкін
Қазақстанда дизель отыны мен бензинді әкетуге тыйым ұзартылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Жанар-жағар майды автомобиль көлігімен әкетуге болмайды 27.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-27T14:05+0500
2025-02-27T14:05+0500
2025-02-27T14:05+0500
жанармай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281068_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_006a28025ef872a68ffc6ee7df563552.jpg
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Қазақстаннан бензин шығаруға тағы алты айға тыйым салынды. "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" жаңа бұйрықты энергетика министрлігі дайындады.Құжат талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.29 наурыздан бастап енгізілуі мүмкін тыйым алыс шетелге ғана емес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге де (бұрын келісімшарт жасалған көлемдерді қоспағанда) қолданылады.Жанар-жағар майды автомобиль көлігімен әкетуге болмайды (бұл жанармай бактарында әкетуге қатысты емес). Гуманитарлық көмек көрсету аясында мұнай өнімдерін әкету (үкіметтің шешімі бойынша) және ғылыми қызмет үшін үлгілерді әкетуге рүқсат бар.Қазақстандық мұнай өнімдерін темір жол арқылы да экспорттауға тыйым салынады (жеткізу жоспарларына сәйкес және гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде бензин шығаруды қоспағанда).Айта кетейік, биыл 29 қаңтарда Қазақстан автомобиль және теміржол көлігімен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салды. Қазақстанның энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, бұл ішкі нарықта ЖЖМ тапшылығы қаупінен туындады.
https://sputnik.kz/20241201/reseylik-ondirushiler-ushin-benzin-eksportyna-salyngan-tyyym-alynyp-tastaldy-48966424.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281068_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_64ea58503f6017ba8b81deba347c143e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жанармай, экспорт
Қазақстанда дизель отыны мен бензинді әкетуге тыйым ұзартылуы мүмкін
Жанар-жағар майды автомобиль көлігімен әкетуге болмайды
АСТАНА, 27 ақпан - Sputnik. Қазақстаннан бензин шығаруға тағы алты айға тыйым салынды. "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" жаңа бұйрықты энергетика министрлігі дайындады.
Құжат талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
29 наурыздан бастап енгізілуі мүмкін тыйым алыс шетелге ғана емес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге де (бұрын келісімшарт жасалған көлемдерді қоспағанда) қолданылады.
Жанар-жағар майды автомобиль көлігімен әкетуге болмайды (бұл жанармай бактарында әкетуге қатысты емес). Гуманитарлық көмек көрсету аясында мұнай өнімдерін әкету (үкіметтің шешімі бойынша) және ғылыми қызмет үшін үлгілерді әкетуге рүқсат бар.
Қазақстандық мұнай өнімдерін темір жол арқылы да экспорттауға тыйым салынады (жеткізу жоспарларына сәйкес және гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде бензин шығаруды қоспағанда).
Айта кетейік, биыл 29 қаңтарда Қазақстан автомобиль және теміржол көлігімен бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салды. Қазақстанның энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, бұл ішкі нарықта ЖЖМ тапшылығы қаупінен туындады.