1 шілдеден кейін Ұлттық банк басшысы мен Жоғарғы сот төрағасы жаңадан тағайындалады

© Sputnik / Санат ИмангалиевҰлттық банк ғимараты
Ұлттық банк ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде тағайындалады
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Коституция күшіне енгеннен кейін жаңадан тағайындалатын басшыларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Референдумда қабылданған Конституцияның 95-бабы бойынша екі айдың ішінде 6 органның басшысы тағайындалуы қажет.
"Олардың арасында ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, бас прокурор, ұлттық банк басшысы, Жоғарғы сот төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Жоғары сот кеңесінің төрағасы бар", - деді Сәрсембаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ал Коституциялық сот төрағасы мен сот судьялары, сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылғаннан кейін екі айдың ішінде тағайындалады.
Айта кетері, министр Қазақстанның вице-президенті қай кезде тағайындалатынын да айтты.
Қазақстанның вице-президенті қашан тағайындалады - әділет министрі жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Қазақстанның вице-президенті қашан тағайындалады - әділет министрі жауап берді
Жаңалықтар
0