Қазақстанның вице-президенті қашан тағайындалады - әділет министрі жауап берді

© AP Photo Қазақстанның вице-президенті қашан тағайындалады - әділет министрі жауап берді
Қазақстанның вице-президенті қашан тағайындалады - әділет министрі жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Жазылу
Министрдің айтуынша, Құрылтай сайлауы өтетін уақыт шілденің басында белгілі болады
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев вице-президент қай кезде тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді.

"Конституциямыз күшіне енгеннен кейін бірқатар тұлғалар жаңадан тағайындалады. Одан кейін Құрылтайға сайлау жарияланады. Қыркүйек айында жаңадан сайланған Құрылтайдың тізімін көреміз. Ал вице-президент Құрылтайдың келісімімен тағайындалады, яғни, қыркүйек айында нақты шешім қабылданады", - деді Сәрсембаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, Құрылтай сайлауы өтетін уақыт шілденің басында белгілі болады.
Ұлттық құрылтай отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Қазақстанда вице-президент қызметі пайда болады
Жаңалықтар
0