Тоқаев Алматыдағы БҰҰ Аймақтық орталығы туралы заңға қол қойды

© PhotoҚазақстан президенті
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Жазылу
Президенттің пікірінше, Алматыдағы орталық аймақтың дамып жатқан стратегиялық мәнін сипаттайды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығын құру туралы екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Президенттің пікірінше, Алматыдағы орталық аймақтың дамып жатқан стратегиялық мәнін сипаттайды.
"Біз Орталық Азияның негізгі халықаралық мәселелерді шешуде белсенді делдал ретіндегі әлеуетін ашуға және жаһандық аренадағы сындарлы және болашаққа бағытталған күн тәртібін үнемі ілгерілетуге тырысамыз. Осыған байланысты Алматыда БҰҰ аймақтық орталығын құру - уақтылы және стратегиялық маңызды қадам", - деді ол 2025 жылдың тамыз айында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуінде.
Медосмотр призывников - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Медициналық тексеруден өтетін қызметкерлердің жалақысы сақталады - Тоқаев заңға қол қойды
Жаңалықтар
0