Медициналық тексеруден өтетін қызметкерлердің жалақысы сақталады - Тоқаев заңға қол қойды

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаМедосмотр призывников
Медосмотр призывников - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Жұмыс берушілер қызметкерлерге жалақысын сақтай отырып медициналық тексеруден өтуге рұқсат беруге міндетті болады. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Еңбек кодексіне енгізілген осы түзетулерге қол қойды.
Енді жұмыс берушілер қызметкердің скринингтен өтуі қажет екендігі туралы хабарлама алады, ал жұмыс берушілер мұндай демалыс бермегені үшін жауапты болады.
Түзетулер қатарында оқу демалысы бойынша тармақ та бар. Бұл демалыс емтихандарды тапсыру, зертханалық жұмыс, дипломдық жұмыс немесе диссертация дайындау және қорғау, сондай-ақ әскери резервті даярлау бағдарламаларынан өту үшін ең көбі алты айға берілуі керек. Бұл жағдайда қызметкердің жұмыс орны және орташа жалақысы сақталады.
"Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде тағылымдамадан өту үшін демалыс мерзімі алты айдан көп болуы мүмкін.
Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Кредит беру тәртібі өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды
Жаңалықтар
0