Құны 3,4 трлн теңге болатын мемлекеттік және квазимемлекеттік активтер жекешелендіріледі

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Жазылу
2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілді
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Марат Омаров квазимемлекеттік секторды қысқарту және бәсекелестікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатқаны туралы баяндады.
"Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің тікелей қатысуымен 2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілді", - деп жазылған хабарламада.
Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңгені құрайды.
Ақорда хабарлауынша, мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелеріне айрықша назар аударылды.
"Қабылданған шаралар бір көзден сатып алу үлесін 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жалпы бюджет аясындағы бәсекелі сатып алу үлесі 6,2-8,1 триллион теңгеге дейін ұлғайды", - дейді Ақордада.
Заң жобасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға, монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге, монополияға қарсы реттеуді жетілдіруге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін одан әрі қысқартуға бағытталған жеті жүйелі бағыт көзделген.
Кездесу соңында президент агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Тоқаев Байқоңыр тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға назар аударды
Жаңалықтар
0