https://sputnik.kz/20260617/qay-oblys-turgyndary-zhumyrtqany-kop-zheydi-64190986.html
Қай облыс тұрғындары жұмыртқаны көп жейді
Қай облыс тұрғындары жұмыртқаны көп жейді
Sputnik Қазақстан
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әрбір қазақстандық орташа есеппен 211,7 жұмыртқа тұтынған 17.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-17T18:41+0500
2026-06-17T18:41+0500
2026-06-17T19:15+0500
жұмыртқа
өндіріс
халық
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64164478_0:0:1079:608_1920x0_80_0_0_db39b912c7dca9d431467f8395923dd4.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Биыл бес айда Қазақстанда 1,9 млрд жұмыртқа өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ке артық, деп хабарлайды Enthgyprom.kz.Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылда ең жоғары көрсеткіш. Биыл мамырда 413,6 миллион жұмыртқа өндірілді, өсім 4%. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық құс фабрикалары ішкі нарық пен экспортты 96,5% қамтамасыз етті. Импорт айтарлықтай қысқарды: бір жыл бұрын 80,4 миллион болса, еке есе азайып, қазір 40,2 миллион жұмыртқаға түсті.Төрт айда жалпы Қазақстан бойынша 1,2 млрд жұмыртқа сатылған.Сондай-ақ тұтыну деңгейі өсуде. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әрбір қазақстандық орташа есеппен 211,7 жұмыртқа тұтынған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ке артық. Ал 2019 жылы бір адам орташа есеппен 194,3 жұмыртқа жеген. Соңғы алты жылда тұтыну шамамен 9%-ке өсті.Жұмыртқаны әсіресе қалалықтар көп тұтынады.Ал өңірлік бөліністе жұмыртқаны ең көп жейтін Қарағанды облысының тұрғындары. Былтыр бір адамға шаққанда 320,1 жұмыртқа болған.Бұдан кейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары мен Астана тұрғындары жұмыртқаны жақсы көретіндер қатарында.Ең аз тұтынатын облыс Маңғыстау, одан кейін Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарының тұрғындары. Айта кетейік, Қарағанды облысының тұрғындары Маңғыстау облысының тұрғындарына қарағанда 2,2 есе көп жұмыртқа тұтынған.
https://sputnik.kz/20260616/tauligine-million-zhumyrtqa-qazaqstanda-zhana-zauyt-salynady-64169136.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64164478_29:0:989:720_1920x0_80_0_0_885ddb2ab2baa4e29c4991f267a1ace8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа, өндіріс, халық
Қай облыс тұрғындары жұмыртқаны көп жейді
18:41 17.06.2026 (жаңартылды: 19:15 17.06.2026) Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әрбір қазақстандық орташа есеппен 211,7 жұмыртқа тұтынған
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Биыл бес айда Қазақстанда 1,9 млрд жұмыртқа өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ке артық, деп хабарлайды Enthgyprom.kz.
Бұл көрсеткіш соңғы төрт жылда ең жоғары көрсеткіш. Биыл мамырда 413,6 миллион жұмыртқа өндірілді, өсім 4%. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандық құс фабрикалары ішкі нарық пен экспортты 96,5% қамтамасыз етті. Импорт айтарлықтай қысқарды: бір жыл бұрын 80,4 миллион болса, еке есе азайып, қазір 40,2 миллион жұмыртқаға түсті.
Төрт айда жалпы Қазақстан бойынша 1,2 млрд жұмыртқа сатылған.
Сондай-ақ тұтыну деңгейі өсуде. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әрбір қазақстандық орташа есеппен 211,7 жұмыртқа тұтынған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ке артық. Ал 2019 жылы бір адам орташа есеппен 194,3 жұмыртқа жеген. Соңғы алты жылда тұтыну шамамен 9%-ке өсті.
Жұмыртқаны әсіресе қалалықтар көп тұтынады.
Ал өңірлік бөліністе жұмыртқаны ең көп жейтін Қарағанды облысының тұрғындары. Былтыр бір адамға шаққанда 320,1 жұмыртқа болған.
Бұдан кейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары мен Астана тұрғындары жұмыртқаны жақсы көретіндер қатарында.
Ең аз тұтынатын облыс Маңғыстау, одан кейін Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарының тұрғындары. Айта кетейік, Қарағанды облысының тұрғындары Маңғыстау облысының тұрғындарына қарағанда 2,2 есе көп жұмыртқа тұтынған.