Тәулігіне миллион жұмыртқа: Қазақстанда жаңа зауыт салынады

© Photo : Unsplash / Raiyan ZakariaТауық жұмыртқасы
Тауық жұмыртқасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Кәсіпорын жоспар бойынша 2027 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қазақстанда қуаттылығы тәулігіне 1 млн жұмыртқа болатын тауық жұмыртқасын терең өңдейтін кәсіпорын салынады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Инвестициялық жобаға бастамашы болған KAZ Eggs ЖШС. Кәсіпорын Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола ауылында салынады.
"Жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 30 млрд теңгені құрайды", - делінген хабарламада.
Кәсіпорын жоспар бойынша 2027 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Жоба аясында 80 жаңа жұмыс орны ашылады.
"Жобаны іске асыру отандық өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам болады және жоғары қосылған құн өнімдерін өндіруді арттырады", - делінген мәлімдемеде.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді дамыту Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін басым бағыттардың бірі болып табылады, деп хабарлады министрлікте.
Дроны используют в сельском хозяйстве Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Түркістан облысында дрон өндіретін зауыт іске қосылды
Жаңалықтар
0