Тағы бірнеше жолда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі енгізіледі

© Sputnik / Медина КураковаАқылы жол
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Биыл бірінші тоқсанда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі енгізілген жерде жол апаттарының саны 15 процентке азайған
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Биыл тағы бірнеше ақылы жолда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл тағы үш жерде орташа жылдамдықты өлшеу құралдары орнатылады.
"Биыл негізгі учаскелер – Қарағандыдан Алматыға дейін, Өскемен – Талдықорған, сондай-ақ, Қорғастан Алматыға дейінгі жолда енгізіледі",- деді Баяхмет үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, биыл бірінші тоқсанда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі енгізілген жерде жол апаттарының саны 15 процентке азайған.
Айта кетері, жаңа жүйе бірнеше жол учаскесінде іске қосылған болатын. Олар:
Астана – Щучинск (жылдамдық шектеуі 140 км/сағ);
Астана – Павлодар (жылдамдық шектеуі 140 км/сағ);
Шымкент – Қызылорда (жылдамдық шектеуі 110 км/сағ);
Шымкент – Тараз (жылдамдық шектеуі 110 км/сағ);
Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдық шектеуі 100–110 км/сағ);
Орал – Ресей шекарасы (Саратов бағыты) (жылдамдық шектеуі 100 км/сағ);
Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты) (жылдамдық шектеуі 100–110 км/сағ);
Жібек жолы – Теміртау (сағатына 140 шақырым).
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Ақылы жол үшін төлем мерзімі бір айға дейін ұзартылады
Жаңалықтар
0