Ақылы жол үшін төлем мерзімі бір айға дейін ұзартылады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимняя дорога
Зимняя дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2026
Жазылу
Қазір республика бойынша 26 ақылы жол бар
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев жолда жүру ақысын төлеу мерзімі өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, қазір жолды пайдаланғаннан кейін 7 күннің ішінде ақысын төлеу керек болса, енді бұл мерзім 30 күнге дейін ұзартылмақ.
"Жол пайдаланушылардың өтініші бойынша жолда жүру ақысын төлеу мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізілмек, тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісіліп жатыр", - деді Иманашев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, қазір республика бойынша 26 ақылы жол бар. Былтыр барлық учаскеден 87 миллиард теңге жиналды. Биыл тағы 6 жол ақылы болады.
Олар:
Қарағанды - Балқаш - Бурылбайтал – 554,6 км;
Бурылбайтал - Құрты – 226,4 км;
Ақтөбе - Қандыағаш - Мақат – 89 км;
Талдықорған - Өскемен – 773 км;
Атырау - Астрахань – 277 км;
Мерке - Шу - Бурылбайтал – 78 км.
Жаңалықтар
0