Халықаралық іздеуде жүрген 21 күдікті анықталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевШетелден қашып, Қазақстанды паналаған 21 күдікті анықталды
Шетелден қашып, Қазақстанды паналаған 21 күдікті анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Полиция көші-қон заңнамасы бойынша 13 035 құқық бұзушылықты анықтады
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қазақстанда "Заңсыз келуші" іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8-12 маусым аралығында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында шетел азаматтарының тұрғылықты жерлері, құрылыс нысандары, базарлар, ұйымдар мен шетелдіктердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер тексерілді.

Көші-қон заңнамасы бойынша 13 035 құқық бұзушылық анықталды:
болу қағидаларын бұзғаны үшін 9 359 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 3 828 шетел азаматы жауапқа тартылды;
шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 882 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды;
өздерінде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полиция органдарын уақытылы хабардар етпегені үшін 2 794 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.

"Сот шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 1 559 адам ел аумағынан шығарылды. 1 836 шетел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды. 122 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Олардың барлығына Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды", - дейді полиция.

Сондай-ақ елге заңсыз кірген 14 шетел азаматы анықталды. Шекара қызметімен бірлесіп тергеу жүргізіліп жатыр. Халықаралық іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің әділ сот органдарынан жасырынған 21 шетел азаматы ұсталды.
"Көптеген жағдайда көші-қон заңнамасын бұзып, заңсыз әрі тез табыс табуды көздеген Қазақстан азаматтарының өздері себеп болып отыр. Мәселен, Атырау облысында шетел азаматтарын Қазақстаннан көрші мемлекетке заңсыз өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын ұсталды. Осыған ұқсас фактілер Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталды", - дейді полиция.
Бұдан басқа, Ақтөбе облысында құрылыс нысандарының бірінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 60-қа жуық шетел азаматы анықталған. Осындай дерек Астанада да тіркелді, делінген хабарламада.
Үш күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Үш күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды
Жаңалықтар
0