Үш күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды

© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Үш күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды
Үш күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Жазылу
Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 500-ден астам жұмыс берушіге жалпы сомасы 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Наурыздың 17-і мен 20-сы аралығында Ішкі істер министрлігі "Заңсыз" атты жедел алдын алу шарасын өткізді.
Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам фактісі анықталды. Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 500-ден астам жұмыс берушіге жалпы сомасы 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сот тәртіп бұзушыларды депортациялау туралы 1200 қаулы шығарды.

"121 шетелдік күштеп депортацияланды, оның ішінде деструктивті радикалды ағымның сегіз шетелдік өкілі бар. Депортацияланғандардың барлығына бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Сондай-ақ 24 қылмыстық іс қозғалды:
мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 9 іс;
заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 9 іс;
шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғаны үшін 6 іс.
"Жасалған құқықбұзушылықтар бойынша талдау көрсеткендей, көп жағдайда біздің азаматтар шетелдіктерді елде болу ережелерін бұзуға итермелейді, оның басты мақсаты жылдам, заңсыз пайда табу", - дейді ІІМ.
Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу фактілері Шымкент, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында анықталған.
Ситуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
70-тен астам мөр мен төлқұжат: полиция заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты
Жаңалықтар
0