Қостанайда сотталушыларды тасымалдаған полиция көлігі жол апатына түсті

© Sputnik / Абзал КалиевПатрульдік полиция көлігі
Патрульдік полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Оларды сот процесіне апара жатқан
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қостанайда полицияның қызметтік көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Баймағамбетов және Гоголь көшелерінің қиылысында "Jac" және "Chevrolet Cobalt" автокөліктері жол праиына түсті. Салдарынан екі адам зардап шекті.

"Жарық белгісін қосып келе жатқан қызметтік "Jac" автокөлігінің жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Ол Гоголь көшесімен жасыл бағдаршам белгісіне сәйкес қозғалып келе жатқан "Chevrolet Cobalt" автокөлігімен соқтығысқан", - дейді Қостанай облысының полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу жүріп жатыр.
Әлеуметтік желіде қызметтік көлікте бес айыпталушы болғаны айтылып жатыр. Оларды сот процесіне апара жатқан. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Салон автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Теміртауда жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті
Жаңалықтар
0