Теміртауда жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуСалон автобуса
Салон автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
45 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 23 сәуір сағат 08:40 шамасында болған. Ішінде жолаушылары бар автобус бағанаға соғылған.
"45 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай бордюрге, сосын бағдаршамның металл бағанасына соғылған", - дейді полиция.
Жол апаты кезінде автобус салонында 20-ға жуық жолаушы болған. Төрт адам медициналық мекемеге жатқызылды.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Қарағандыда аударылған автобус: науқастардың жағдайы белгілі болды
Жаңалықтар
0