Алматыда алаяқтар зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдаған

© Photo : Polisia.kzКиберқылмыс
Киберқылмыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Олар жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматыда зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдаған интернет-алаяқтар тобының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырған.

"Олар жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты", - дейді прокуратурада.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен іс қозғалды.
Тергеу жүріп жатыр.
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
Абай облысында алаяқтар зейнеткерді жалғыз баспанасын сатуға көндірген
Жаңалықтар
0