Абай облысында алаяқтар зейнеткерді жалғыз баспанасын сатуға көндірген

CC0 / Bernd Schray / Зейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2026
Жазылу
Тексеріс кезінде оның алаяқтардың психологиялық ықпалымен әрекет еткені анықталды
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Абай облысында полиция алаяқтардың арбауына түскен зейнеткердің жалғыз баспанасының сатылуына жол бермеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына 67 жастағы зейнеткер әйелдің өз пәтерін нарық бағасынан едәуір төмен бағаға шұғыл сатайын деп жатқаны туралы ақпарат түскен. Ал тексеріс кезінде оның алаяқтардың психологиялық ықпалымен әрекет еткені анықталды.

"Қаскөйлер манипуляция мен алдау тәсілдерін қолдана отырып, әйелді жалғыз баспанасын сату жөніндегі келісімге көндірген. Полицейлер тексеріске кіріскенде пәтерді сату бойынша алдын ала келісімшарт та дайын болған. Киберполиция қызметкерлерінің дер кезінде әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында алаяқтық схема тоқтатылып, тұрғын үйдің сатылып кетуіне жол берілмеді", - делінген ресми хабарламада.

Соңғы уақытта алаяқтар психологиялық қысымның күрделі тәсілдерін жиі қолданып, азаматтарды асығыс шешім қабылдауға, несие рәсімдеуге, ақша аударуға, тіпті жылжымайтын мүліктерін сатуға итермелейді, дейдңі полицияда.
Осыған байланысты жылжымайтын мүлікке қатысты кез келген операция кезінде барынша сақ болу қажет. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласқан жөн.
Программа Бақытты отбасы: как получить льготный кредит на жилье - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2026
Қостанай облысында алаяқтар рәсімдеген 200-ге жуық кредит бойынша төлем тоқтатылды
Жаңалықтар
0