Әлеуметтік желіде "Әділет" партиясының фейк аккаунттары анықталды

© Sputnik /Арман АскаровӘлеуметтік желіде "Әділет" партиясының фейк аккаунттары анықталды
Әлеуметтік желіде Әділет партиясының фейк аккаунттары анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Партия жалған ақпарат тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. "Әділет" партиясы ресми мәлімдеме жасады.
Әлеуметтік желіде партияның атын заңсыз пайдаланып, өзін оның ресми өкілі ретінде көрсететін фейк аккаунттар мен парақшалар анықталды.
"Бұл ресурстар партия билеттерін беру, партия мүшелерін тіркеу, жалпы партияның қызметі туралы жалған ақпарат таратып жатыр. Ресми түрде мәлімдейміз: бұл аккаунттардың "Әділет" партиясына ешқандай қатысы жоқ. Олар арқылы таратылған ақпарат жалған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ "Әділет" партиясының атауы мен рәміздерін заңсыз пайдалану, жалған ақпарат тарату және азаматтарды жаңылыстыру республика заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
"Анықталған фактілерге қатысты материалдар Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Азаматтардан жеке мәліметтерін белгісіз тұлғаларға бермеуді және тек "Әділет" партиясының ресми байланыс арналарын ғана пайдалануды сұраймыз", - деді партия.
"Әділет" партиясы – Қазақстандағы жаңа саяси күш, 2026 жылы 1 маусымда тіркелген. 2026 жылдың маусымында оған елдегі ең ірі басқарушы "Аманат" партиясы ресми түрде қосылды.
AMANAT Әділет партиясына қосылды: Тоқаев Қошановқа алғыс білдірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
AMANAT "Әділет" партиясына қосылды: Тоқаев Қошановқа алғыс білдірді
Жаңалықтар
0