AMANAT "Әділет" партиясына қосылды: Тоқаев Қошановқа алғыс білдірді

© Photo : АкордаAMANAT "Әділет" партиясына қосылды: Тоқаев Қошановқа алғыс білдірді
AMANAT Әділет партиясына қосылды: Тоқаев Қошановқа алғыс білдірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
Президент партия мүшелерінің "Әділет" партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешіміне ризашылығын білдірді
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған "Әділет" партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді.

"Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің "Әділет" партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді", - деп хабарлады президентті баспасөз қызметі.

"Аманат" партиясы (2022 жылға дейін "Нұр Отан" деп аталды) - Қазақстандағы ең ірі саяси партия. 14 маусымда Астанада өткен съезде "AMANAT" партиясы "Әділет" партиясымен бірігуге дауыс беріп, оның құрамына қосылу туралы шешім қабылдады.
1 маусымда "Әділет" партиясы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өтті.
Ұлттық құрылтай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
"Әділет" партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі
Жаңалықтар
0