"Әділет" партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

© Photo : АкордаҰлттық құрылтай
Ұлттық құрылтай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Жазылу
Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. "Әділет" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы жаңа саяси ұйымның Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әділеттің" бүгінгі съезінде партия құрамына AMANAT-ты қабылдауға шешім қабылданды. Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі.

"Осындай жан-жақты қолдауға ие болып жатқан күштің алдына қойған мақсатына да ешқандай шектеу болмауы қажет. Біз барынша көп орын алуға тырысамыз", - деді Кенжеханұлы съезден кейінгі брифингте.

Айта кетері, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конститутциясы күшіне енеді. Оған сәйкес, бір палаталы парламент - Құрылтай болады. Сондай-ақ, заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі құрылады.
Съезд делегатов Адилет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
AMANAT партиясы өз жұмысын қашан тоқтатады
Жаңалықтар
0