АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы Қазақстанда өз өкілдігін ашуды жоспарлап отыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаИсполнительный директор Финансовой корпорации США по международному развитию Бена Блэк и Касым-Жомарт Токаев
Исполнительный директор Финансовой корпорации США по международному развитию Бена Блэк и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
Тоқаев АҚШ қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады.

Президент бұл сапар Вашингтонда қол жеткізілген келісімдердің жалғасы, сондай-ақ АҚШ-пен сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам саналатынын атап өтті.

Айтуынша, Ақ үй әкімшілігіне Дональд Трамп келгеннен бастап Вашингтон Астанамен және Орталық Азия аймағымен ықпалдастықты айтарлықтай жандандыра түскен.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаИсполнительный директор Финансовой корпорации США по международному развитию Бена Блэк и Касым-Жомарт Токаев
Исполнительный директор Финансовой корпорации США по международному развитию Бена Блэк и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Исполнительный директор Финансовой корпорации США по международному развитию Бена Блэк и Касым-Жомарт Токаев

"Біз АҚШ президентінің дипломатияға деген батыл көзқарасын және прагматикалық ұстанымын толық қолдаймыз. Қазақстан Американың Ибраһим келісімдері, Бейбітшілік кеңесі, TRIPP бастамасы және басқа да негізгі жобаларын ілгерілетуге белсенді атсалысуда. Бірлескен күш-жігеріміз бүгінде бұрынғыдан да беки түскен кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге тың серпін берді", - деді Тоқаев.

Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Корпорацияңыздың инвестициялық басымдықтары Қазақстанның даму күн тәртібіне сай келеді. Біз нақты әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз, деді президент.
Бен Блэк өз кезегінде мемлекет басшысына қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, Алматыда Қазақстанның іскерлік қауымдастығымен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесуге тоқталды.
Тоқаев аталған кездесулердің екіжақты байланыстарды кеңейту тұрғысынан өзектілігіне және қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру қажеттігіне айрықша назар аударды.

"Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы бірлескен инвестициялық жобаларды қолға алуға дайын екенін растады. Кездесуде аса маңызды минералдар, өзара көлік байланысы, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Қазақстанда АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі тұрақты өкілдігін ашу мәселесі қаралды.
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі – Тоқаев
Жаңалықтар
0