https://sputnik.kz/20260615/qazaqstannyn-negizgi-kapitalyna-salyngan-investitsiya-101-mlrd-dollarga-zhetti---eadb-64124262.html
Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция 10,1 млрд долларға жетті - ЕАДБ
Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция 10,1 млрд долларға жетті - ЕАДБ
Sputnik Қазақстан
Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты, ол жалпы көлемнің 67,4%-ін құрайды 15.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-15T13:30+0500
2026-06-15T13:30+0500
2026-06-15T13:30+0500
еаэо
инвестиция
инфляция
экономика
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18754881_0:0:2981:1677_1920x0_80_0_0_9f8197ef388a1b3b1a4e954389697285.jpg
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Еуразиялық даму банкі ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына апта сайынғы макро шолу нәтижесін жариялады.Қазақстандағы инвестициялық және іскерлік белсенділік оң серпінді сақтауда, деп атап өтті сарапшылар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар биыл қаңтар - сәуір айларында жылына 6,7%-ке өсіп, 4,94 трлн теңгеге жетті. Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты, ол жалпы көлемнің 67,4%-ін құрайды.Ресейдегі баға қысымы әлсіреді. 2026 жылдың мамыр айында тұтынушылық бағалар сәуір айындағы 5,6%-тен кейін 5,3%-ке өсті.Базалық инфляция 4,9% болды. Дезинфляция мамыр айында 13%-ті құрады, бұл 2018-2019 жылдардағы орташа көрсеткіштен асып түсті. Ол кезде 9,3% деңгейінде болған. Сарапшылар инфляцияны 2026 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 5,3% болады деп болжам жасады.Беларусьтегі инфляция сәуір айында 5,4% болған, ал мамырда 4,8%-ке дейін баяулады. Негізгі фактор азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі: бір ай бұрынғы 6,3%-тен 4,9%-ке дейін азайды."Бұл көбінесе көкөніс өнімдерінің бағасының сәуірде 3,1%, мамырда 7,8%-ке дейін төмендеуіне байланысты. Азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге бағаның өсу қарқыны өткен айдың деңгейіне жақын: тиісінше 2,0% және 8,5%", - деп түсіндірді ЕАДБ.Банк мамандары биыл инфляция 7% шекті параметрден төмен болады деп болжап отыр.
https://sputnik.kz/20260420/qazaqstanda-negizgi-kapitalga-salyngan-investitsiyalar-osip-keledi-62816737.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18754881_252:0:2981:2047_1920x0_80_0_0_aeab2a3224d0623303b2045d034117e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, инвестиция, инфляция, экономика
еаэо, инвестиция, инфляция, экономика
Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция 10,1 млрд долларға жетті - ЕАДБ
Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты, ол жалпы көлемнің 67,4%-ін құрайды
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Еуразиялық даму банкі ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына апта сайынғы макро шолу нәтижесін жариялады.
Қазақстандағы инвестициялық және іскерлік белсенділік оң серпінді сақтауда, деп атап өтті сарапшылар.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар биыл қаңтар - сәуір айларында жылына 6,7%-ке өсіп, 4,94 трлн теңгеге жетті. Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты, ол жалпы көлемнің 67,4%-ін құрайды.
"Банктік несиелердің үлесі жоғары мөлшерлемелерге қарамастан бір жыл бұрынғы 3,5%-ке қарағанда 6,8%-ке дейін өсті. Бұл бизнестің инвестициялық қаржыландыруға деген тұрақты сұранысын көрсетеді. Іскерлік белсенділік индексі сәуірдегі 50,9 -дан кейін мамырда 51,6-ға көтеріліп, бейтарап деңгейден жоғары болды. Ең күшті динамика индексі құрылыс саласында болды. Инвестициялар 2026 жылы жоғары экономикалық белсенділікті қолдайды деп күтеміз", - деді Еуразиялық даму банкі.
Ресейдегі баға қысымы әлсіреді. 2026 жылдың мамыр айында тұтынушылық бағалар сәуір айындағы 5,6%-тен кейін 5,3%-ке өсті.
"Азық-түлік инфляциясы бір ай бұрын 4,0%-тен 2,9%-ке дейін баяулады. Бұл көбіне маусымдық көкөністерге қатысты. Көкөністер мен жемістер бағасы 10,4%-ке төмендеді. Сонымен қатар азық–түлік емес тауарлар бағасы 3,9%-тен 4,2%-ке дейін өсті. Ал қызметтер бағасы 9,9%-тен кейін 10,1% дейін артқан", - деді банк сарапшылары.
Базалық инфляция 4,9% болды. Дезинфляция мамыр айында 13%-ті құрады, бұл 2018-2019 жылдардағы орташа көрсеткіштен асып түсті. Ол кезде 9,3% деңгейінде болған. Сарапшылар инфляцияны 2026 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 5,3% болады деп болжам жасады.
Беларусьтегі инфляция сәуір айында 5,4% болған, ал мамырда 4,8%-ке дейін баяулады. Негізгі фактор азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі: бір ай бұрынғы 6,3%-тен 4,9%-ке дейін азайды.
"Бұл көбінесе көкөніс өнімдерінің бағасының сәуірде 3,1%, мамырда 7,8%-ке дейін төмендеуіне байланысты. Азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге бағаның өсу қарқыны өткен айдың деңгейіне жақын: тиісінше 2,0% және 8,5%", - деп түсіндірді ЕАДБ.
Банк мамандары биыл инфляция 7% шекті параметрден төмен болады деп болжап отыр.