https://sputnik.kz/20260615/negizgi-ubt-236-myn-ret-tapsyryldy-64139218.html
Негізгі ҰБТ 236 мың рет тапсырылды
Негізгі ҰБТ 236 мың рет тапсырылды
Sputnik Қазақстан
Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады 15.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-15T18:58+0500
2026-06-15T18:58+0500
2026-06-15T19:06+0500
министрлік
ұбт
талапкерлер
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_af99f3f2ffacdf62174e7fd90e8e7376.jpg
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Елде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу 236 мың рет тапсырылды, деп хабарлады ғылым және жоғарғы білім министрлігі.2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 236 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 408 рет ағылшын тілінде тапсырды.Сонымен қатар ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 668 талапкер қатысты.ҰБТ-ны өткізудің бес аптасында 474 ереже бұзушылық анықталды."298 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 176 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ", - дейді министрлікте.2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.Еске салсақ, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.
https://sputnik.kz/20260608/ubt-2026-391-talapker-testileuden-shettetildi-63999515.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/0a/60292121_103:0:1063:720_1920x0_80_0_0_03c67556474dee3047997995c75617a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, ұбт, талапкерлер
министрлік, ұбт, талапкерлер
Негізгі ҰБТ 236 мың рет тапсырылды
18:58 15.06.2026 (жаңартылды: 19:06 15.06.2026) Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Елде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу 236 мың рет тапсырылды, деп хабарлады ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 236 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 408 рет ағылшын тілінде тапсырды.
"Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 668 талапкер қатысты.
ҰБТ-ны өткізудің бес аптасында 474 ереже бұзушылық анықталды.
"298 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 176 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ", - дейді министрлікте.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Еске салсақ, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.