https://sputnik.kz/20260608/ubt-2026-391-talapker-testileuden-shettetildi-63999515.html
ҰБТ-2026: 390-нан астам талапкер тестілеуден шеттетілді
ҰБТ-2026: 390-нан астам талапкер тестілеуден шеттетілді
Sputnik Қазақстан
Аралық қорытынды: төрт аптада 187 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды 08.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-08T18:31+0500
2026-06-08T18:31+0500
2026-06-08T18:31+0500
ұбт
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0a/63308182_0:372:540:676_1920x0_80_0_0_07618900c8a1a28fc1bc406e3502b3e8.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. 2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 187 мыңға жуық рет тапсырылды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 323 рет ағылшын тілінде тапсырды.Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға ЕБҚ бар 556 талапкер қатысты.Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады.ҰБТ-ны өткізудің төрт аптасында 391 ереже бұзушылық анықталды. 246 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 145 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.Естеріңізге сала кетсек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.
https://sputnik.kz/20260526/pavlodar-tulegi-ubt-dan-140-ball-zhinady-63724871.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0a/63308182_0:322:531:720_1920x0_80_0_0_1929f55697b464b1028067d7c19d57b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
ҰБТ-2026: 390-нан астам талапкер тестілеуден шеттетілді
Аралық қорытынды: төрт аптада 187 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. 2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 187 мыңға жуық рет тапсырылды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 323 рет ағылшын тілінде тапсырды.
"Төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Әлтайыр жинады", - деп жазылған хабарламада.
Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға ЕБҚ бар 556 талапкер қатысты.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады.
ҰБТ-ны өткізудің төрт аптасында 391 ереже бұзушылық анықталды. 246 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 145 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Естеріңізге сала кетсек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.