Атырау облысында жауын-шашын салдарынан мыңнан астам ұсақ мал қырылып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевҚойлар
Қойлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
Қосымша факторлар - жазғы жайылымдарда қора-қопсының болмауы
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданының Сарықасқа және Желтау аумақтарында мыңдаған ұсақ мал қырылып қалды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Оқиға 2-3 маусым аралығында ауа райының қолайсыздығы салдарынан болған.
"Оқиғаның себептерін анықтау және оның ауқымын бағалау үшін ауданның ветеринарлық қызметінің мамандары барды. Зерттеу нәтижелері бойынша Қошағыл ауылдық округінің, Құлсары қаласы мен Майкөмген ауылдық округінің шаруашылықтарында 1238 бас қой мен ешкі қырылғаны белгілі болды", - дейді әкімдікте.
Алдын-ала себебі - ұзақ уақыт жаңбырда қалғаннан мал үсіп қалған.
Қосымша факторлар - жазғы жайылымдарда қора-қопсының болмауы және жануарлар балшыққа батқан, дейді облыстық әкімдікте.
Сонымен қатар қырылған жануарларды утилизациялау жұмыстары толығымен жүргізілді.
Гибель рыбы в Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Батыс Қазақстандағы су айдынында балық қырылды
Жаңалықтар
0