Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Украинаның ЕО-ға кіруі бойынша келіссөзді бастауға келісті

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуФлаги ЕС и Украины
Флаги ЕС и Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Жазылу
Дегенмен, алғашқы келіссөз блогының ашылуы ұзақ процестің алғашқы қадамы ғана екені аталып өтті
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Венгрия Украинаның ЕО-ға қосылуы бойынша келіссөздерді 15 маусымда бастауға келісті, бірақ бұл көпжылдық процестің алғашқы қадамы ғана, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр.
"Украина үкіметі тарихи келісімді (Закарпатьедегі венгрлердің құқықтары туралы – ред.) орындауға ресми түрде міндеттеме алды... Сондықтан Венгрия дүйсенбі, 15 маусымда ЕО мен Украина арасындағы алғашқы келіссөздер блогын ашуға келісті", - деді Мадьяр желіде жарияланған видеоүндеуінде.
Сонымен бірге, Мадьяр "бірінші келіссөз блогының ашылуы ұзақ процестің алғашқы қадамы ғана" екенін атап өтіп, 2012 жылы қосылу туралы келіссөздерді бастаған, бірақ әлі аяқтай алмаған Черногорияны мысалға келтірді.
Вид на город Будапешт - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Венгрия Киевтің Еуроодаққа қосылуына қатысты келіссөзді қолдауы мүмкін – БАҚ
Жаңалықтар
0