Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Киевтің Еуроодаққа қосылуына қатысты келіссөзді қолдауы мүмкін – БАҚ

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуВид на город Будапешт
Вид на город Будапешт - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2026
Жазылу
Сейсенбіден бастап Закарпаттағы венгрлердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша сарапшылар деңгейіндегі екіжақты консультациялар басталған
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Закарпат өңіріндегі венгрлердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша Венгрия мен Украина арасында консультацияның басталуы Будапешттің алдағы апталарда Киевтің Еуроодаққа кіру жөніндегі келіссөзін қолдауы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл туралы еуропалық шенеуніктер мен дипломаттарға сілтеме жасаған Politico басылымы хабарлады.
Венгрия сыртқы істер министрі Анита Орбан дүйсенбі күні Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Оның айтуынша, сейсенбіден бастап Закарпаттағы венгрлердің құқықтарын қалпына келтіру бойынша сарапшылар деңгейіндегі екіжақты консультациялар басталған.
"Украинадағы венгр азшылығының құқықтары жөнінде Киевпен келіссөзді бастау туралы Венгрияның шешімі Будапештің алдағы апталарда Украинаның ЕО-ға кіруі бойынша ресми келіссөздің басталуын қолдауы мүмкін екенін аңғартады", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Венгрия үкіметі екіжақты қатынастың нашарлауына Киев жауапты екенін бірнеше рет мәлімдеген. Сондай-ақ Будапешт Закарпаттағы венгр ұлттық қауымының құқықтары, әсіресе ана тілінде білім алу құқығы толық қалпына келтірілмейінше, Украинаны Еуроодаққа қабылдау бағытындағы ешқандай қадамды қолдамайтынын атап өткен.
Еуроодақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ пен Украина Киевке несие беру бойынша негізгі құжаттарға қол қойған жоқ
Жаңалықтар
0