https://sputnik.kz/20260614/ulken-almaty-shynynda-ush-turist-qutqaryldy-64102984.html
Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды
Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар туристердің біреуіне алғашқы көмек көрсетті 14.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-14T09:52+0500
2026-06-14T09:52+0500
2026-06-14T09:52+0500
тау
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45767445_0:1:1280:721_1920x0_80_0_0_c8bd7075c013f08a45c95d21d73626a9.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш турист өздігінен таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған."Көмекке ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл аттанды. Құтқарушылар Проходное шатқалы арқылы жаяу жүріп, туристерге жетті.Жастардың бірінің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілері байқалған", - делінген хабарламада.Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін топтың барлық мүшесін таудан қауіпсіз түсірді.ТЖМ таулы аймақта серуендеу кезінде өз күшіңізді дұрыс бағалап, су режимін сақтап, денсаулық жағдайына мұқият назар аудару қажеттігін ескертеді.
https://sputnik.kz/20250704/buny-eshqashan-umytpaymyn-qazaq-qyzy-kambodzhada-quldyqtan-qutqaryldy-55356328.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45767445_160:0:1121:721_1920x0_80_0_0_03efa8d85392fffaa5f421b0c37eaf5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тау, құтқарушылар
Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды
Құтқарушылар туристердің біреуіне алғашқы көмек көрсетті
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш турист өздігінен таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған.
"Көмекке ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері шұғыл аттанды. Құтқарушылар Проходное шатқалы арқылы жаяу жүріп, туристерге жетті.Жастардың бірінің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілері байқалған", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін топтың барлық мүшесін таудан қауіпсіз түсірді.
ТЖМ таулы аймақта серуендеу кезінде өз күшіңізді дұрыс бағалап, су режимін сақтап, денсаулық жағдайына мұқият назар аудару қажеттігін ескертеді.