"Бұны ешқашан ұмытпаймын": Қазақ қызы Камбоджада құлдықтан құтқарылды

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэты женщин, архивное фото
Силуэты женщин, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
Жазылу
Ол Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасамын деп барған
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Интерпол арқылы Қазақстан азаматын Камбоджада құлдықтан құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақтың қызы Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасамын деп барған. Алайда шет елге келгеннен кейін еңбек құлдығына түсіп қала жаздады. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерполдың Бас хатшылығына ресми сұраныс жолдап, шетелдік әріптестермен бірлесіп Қазақстан азаматын дер кезінде елге қайтарды. Қазіргі кезде оны шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары басталды. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
"Алғысымды айту үшін сөз таба алмай отырмын. Үмітім үзілейін деп тұрғанда мені ішкі істер министрлігінің Итерполы құтқарды. Олар мені тауып, бостандыққа шығарды. Қамалып отырған кезде сіздердің менің жанымда болғаныңызды, мен үшін күресіп жатқаныңызды сезіндім. Ұмытпай, іздеп жатқаныңызды білдім. Соның бәрі маған күш берді. Бұны ешқашан ұмытпаймын ", - дейді құтқарылған қыз.
Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Саденов Францияның Лион қаласындағы Интерпол штаб-пәтеріне жұмыс сапарымен барған болатын. Сол кезде халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ Қазақстан Интерполдың адам саудасына қарсы "Либертерра II" операциясына қосылды.
Жаңалықтар
0