https://sputnik.kz/20260614/qazaqstan-men-resey-shekarasynda-zhuk-kolikteri-keptelip-tur---uqk-tusinikteme-berdi-64104011.html
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр - ҰҚК түсініктеме берді
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр - ҰҚК түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді 14.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-14T12:07+0500
2026-06-14T12:07+0500
2026-06-14T12:07+0500
шекара
жүк көліктері
көлік кептелісі
ресей
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_c153613e3cdb1d98fe63946c7d233ee1.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Қосақ" (Павлодар облысы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелесі байқалады. Жағдай жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін тасымалдаудың маусымдық артуына байланысты, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі. "Күту уақытын барынша азайту үшін өткізу пункті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр, қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен тығыз іс-қимыл ұйымдастырылды", - делінген хабарламада. Шекара қызметі Павлодар облысында "Шарбақты" және "Үрлітөбе" халықаралық өткізу пункттері де жұмыс істейтінін еске салды. Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңа Жол", "Қарақоға" және "Қызыл Жар" өткізу пункттері жұмыс істейді."Бұдан бөлек, белгілі бір күнге бос орындардың бар-жоғын нақтылауға және шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді. Бұл өткізу пунктіне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді және тасымалдаушылар үшін процестің алдын ала болжамды болуын қамтамасыз етеді", - дейді шекарашылар. Мысалы, "Қосақ" өткізу пунктінің шығу бағытындағы орташа өткізу қабілеті тәулігіне шамамен 200-220 жүк көлігін құрайды.Қазіргі жағдайды ескере отырып, қозғалысты баламалы бағыттар арқылы алдын ала түзетуді сұраймыз, дейді шекара қызметі.
https://sputnik.kz/20260511/aqtobe-oblysynda-qazaqstan-men-resey-arasyndagy-shekara-beketi-zhangyrtylyp-zhatyr-63334765.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_e7a3ef84503c22ab6820a4a00f8e0643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара, жүк көліктері, көлік кептелісі, ресей
шекара, жүк көліктері, көлік кептелісі, ресей
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр - ҰҚК түсініктеме берді
Шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Қосақ" (Павлодар облысы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелесі байқалады. Жағдай жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін тасымалдаудың маусымдық артуына байланысты, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.
"Күту уақытын барынша азайту үшін өткізу пункті күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр, қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен тығыз іс-қимыл ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.
Шекара қызметі Павлодар облысында "Шарбақты" және "Үрлітөбе" халықаралық өткізу пункттері де жұмыс істейтінін еске салды. Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңа Жол", "Қарақоға" және "Қызыл Жар" өткізу пункттері жұмыс істейді.
"Бұдан бөлек, белгілі бір күнге бос орындардың бар-жоғын нақтылауға және шекарадан өту уақыты мен орнын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беретін электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді. Бұл өткізу пунктіне түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізеді және тасымалдаушылар үшін процестің алдын ала болжамды болуын қамтамасыз етеді", - дейді шекарашылар.
Мысалы, "Қосақ" өткізу пунктінің шығу бағытындағы орташа өткізу қабілеті тәулігіне шамамен 200-220 жүк көлігін құрайды.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, қозғалысты баламалы бағыттар арқылы алдын ала түзетуді сұраймыз, дейді шекара қызметі.