https://sputnik.kz/20260511/aqtobe-oblysynda-qazaqstan-men-resey-arasyndagy-shekara-beketi-zhangyrtylyp-zhatyr-63334765.html
Ақтөбе облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекеті жаңғыртылып жатыр
Ақтөбе облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекеті жаңғыртылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Жауаптылар жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатынын айтады 11.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-11T20:01+0500
2026-05-11T20:01+0500
2026-05-11T20:01+0500
ақтөбе
шекара
ресей
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63331429_0:54:1090:667_1920x0_80_0_0_fe3748bcfeef69351c71a2a355e272a3.jpg
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы "Әлімбет" шекара бақылау-өткізу пункті күрделі жаңғыртудан өтіп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.Құрылыс жұмыстары бекеттің қызметін тоқтатпай жүргізіліп жатыр.Мердігерлердің айтуынша, қажетті металл конструкциялары Ақтөбе қаласындағы зауытта дайындалып, құрылыс алаңына кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.Қазір бекет уақытша өткізу пункті арқылы жұмысын жалғастырып отыр. Бұрынғы ескі ғимараттар толықтай сүріліп, бүгінге дейін 151 мың шаршы метр аумақта жер жұмыстары атқарылған.Жауаптылар жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатынын айтады. Жоба іске қосылғаннан кейін шекарадағы көлік өткізу қабілеті артып, бақылау жүйесі заманауи форматқа көшеді.
https://sputnik.kz/20260413/bektenov-shekara-beketterin-zhangyrtudyn-bayau-zhurip-zhatqanyn-synga-aldy-62631079.html
ақтөбе
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63331429_65:0:1025:720_1920x0_80_0_0_b2c30648de8d68576d42b64f54733ea2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, шекара, ресей
Ақтөбе облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекеті жаңғыртылып жатыр
Жауаптылар жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатынын айтады
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы "Әлімбет" шекара бақылау-өткізу пункті күрделі жаңғыртудан өтіп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Құрылыс жұмыстары бекеттің қызметін тоқтатпай жүргізіліп жатыр.
"Жоба аясында әкімшілік ғимарат, инспекциялық тексеру кешендері, тереңдетілген бақылау ангары және қызметтік иттерге арналған арнайы панажай салынып жатыр. Қазіргі уақытта нысандағы негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Су құбырын тарту жұмыстары да соңғы кезеңге жеткен", - деп жазылған хабарламада.
Мердігерлердің айтуынша, қажетті металл конструкциялары Ақтөбе қаласындағы зауытта дайындалып, құрылыс алаңына кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қазір бекет уақытша өткізу пункті арқылы жұмысын жалғастырып отыр. Бұрынғы ескі ғимараттар толықтай сүріліп, бүгінге дейін 151 мың шаршы метр аумақта жер жұмыстары атқарылған.
Жауаптылар жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатынын айтады. Жоба іске қосылғаннан кейін шекарадағы көлік өткізу қабілеті артып, бақылау жүйесі заманауи форматқа көшеді.