https://sputnik.kz/20260413/bektenov-shekara-beketterin-zhangyrtudyn-bayau-zhurip-zhatqanyn-synga-aldy-62631079.html
Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың баяу жүріп жатқанын сынға алды
Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың баяу жүріп жатқанын сынға алды
Sputnik Қазақстан
37 нысанның тек екеуінде жөндеу жұмыстары аяқталды 13.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-13T14:26+0500
2026-04-13T14:26+0500
2026-04-13T15:00+0500
үкімет
шекара
сын
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0d/62628564_0:109:1254:814_1920x0_80_0_0_340f6808bd20ee6baf2dc1c0f273c7e3.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың жүргізіліп жатқанын сынға алды.Көлік министрлігінің деректері бойынша ЕАЭО ішкі шекараларындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту аясында өткен жылы 2 учаскеде жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда 37 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған, оларды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.Сонымен қатар кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды.ТХКБ бойынша жеткізу мерзімдерін қысқарту, "Алтынкөл – Поти/Батуми" бағытында өтпелі тарифтер енгізу, Әзербайжан мен Грузиядағы серіктестермен цифрлық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.Олжас Бектенов "Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысы бойынша ресурстардың жеткіліксіз жұмылдырылғанын айтты. Нысандағы техника мен жұмыс күшінің жеткіліксіздігі жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғаны баса айтылды. Тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
https://sputnik.kz/20260318/bektenov-zhana-konstitutsiya-boyynsha-tapsyrma-berdi-61976410.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0d/62628564_50:44:1130:854_1920x0_80_0_0_f2be94ca51e91fdf13fabcc9ff003999.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, шекара, сын, еаэо
үкімет, шекара, сын, еаэо
Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың баяу жүріп жатқанын сынға алды
14:26 13.04.2026 (жаңартылды: 15:00 13.04.2026) 37 нысанның тек екеуінде жөндеу жұмыстары аяқталды
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов шекара бекеттерін жаңғыртудың жүргізіліп жатқанын сынға алды.
"Премьер-министр өткізу пункттеріндегі жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алып, қарқынның жоқтығын алға тартты. Барлық операциялық процестерді жеделдету тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Көлік министрлігінің деректері бойынша ЕАЭО ішкі шекараларындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту аясында өткен жылы 2 учаскеде жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда 37 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған, оларды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға назар аударылды.
ТХКБ бойынша жеткізу мерзімдерін қысқарту, "Алтынкөл – Поти/Батуми" бағытында өтпелі тарифтер енгізу, Әзербайжан мен Грузиядағы серіктестермен цифрлық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.
"Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым теміржолда ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде "Мойынты – Қызылжар" және "Бақты – Аягөз" желілерін салу, сондай-ақ "Алтынкөл – Жетіген", "Шалқар – Бейнеу", "Бейнеу – Маңғыстау" және басқа да бағыттар учаскелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады үкіметте.
Олжас Бектенов "Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысы бойынша ресурстардың жеткіліксіз жұмылдырылғанын айтты. Нысандағы техника мен жұмыс күшінің жеткіліксіздігі жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғаны баса айтылды. Тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.