Қазақстан Global Summit of Women саммитін өткізуге үміткер ел ретінде қарастырылып жатыр

© AP Photo Суд по делу Бишимбаева
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Жазылу
Ыстанбұлда өткен саммит қорытындысы бойынша халықаралық ұйымдастыру комитеті Астананы келесі шара өтетін орын ретінде қарастыруды ұсынған
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Қазақстан Global Summit of Women халықаалық саммитін өткізуге үміткер ел ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды "Kazakh Tourism" ҰК баспасөз қызметі.
"Қазақстан тарихта тұңғыш рет бизнес пен мемлекеттік басқару саласындағы әйел көшбасшылардың әлемдегі ең ірі форумдарының бірі – Global Summit of Women жиынын қабылдауы мүмкін. Ыстанбұлда өткен саммит қорытындысы бойынша халықаралық ұйымдастыру комитеті Астананы келесі шара өтетін орын ретінде қарастыруды ұсынды. Айта кетейік, аталған жиында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының (ҚІӘҚ) делегациясы ерекше белсенділік танытқан болатын", - делінген хабарламада.
Астананың Париж, Лондон, Токио, Сеул және Мадрид сияқты әлемдік мегаполистермен бір қатарда әлеуетті қалалар тізіміне енуіне елорда инфрақұрылымының жоғары дайындығы мен Astana Women Summit 2026 форумының сәтті өтуі негіз болды.
"Ұлттық компания ретіндегі біздің басты міндетіміз – синергиялық тиімділік қалыптастырып, іс-шараға келген әрбір қатысушының елімізде толыққанды турист ретінде уақыт өткізуіне жағдай жасау. Осындай бір ғана демалыс күндерінің өзі қонақүйлерді толтырып, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласының жұмысын жандандырады, сәйкесінше қала экономикасына орасан зор табыс әкеледі", – деп атап өтті "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.
Бүгінгі таңда елордада бір уақытта 18 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 317 орналастыру орны (қонақүйлер, хостелдер) жұмыс істейді. 2025 жылы олар көрсеткен қызметтердің көлемі 74 млрд теңгеге жетті, бұл алдыңғы кезеңдегі көрсеткіштен (65 млрд теңге) 14%-ға жоғары.
Astana Tourism 2026 жылдың бірінші тоқсанында жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, бір туристің орташа шығыны 309 АҚШ долларына дейін өскен.
Керуен сарай - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2026
Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 2 есе артты
Жаңалықтар
0