Amanat партиясы "Әділет" құрамына енді

© Sputnik / Санат ИмангалиевВ Казахстане правящую партию Amanat приняли в состав "Адилет"
В Казахстане правящую партию Amanat приняли в состав Адилет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Жазылу
Бұл шешім дауыс беру арқылы қабылданды
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Биліктің Amanat партиясы жаңа құрылған "Әділет" саяси партиясының құрамына енді.
"Әділет" партиясының II съезінде делегаттар бұл шешімді бірауыздан мақұлдап, дауыс берді.
"Әділет" партиясына Amanat партиясының қосылуы туралы тарихи шешімді рәсімдедік. Бұл шешімнің саяси мәні зор екені белгілі. Бұл екі ұйымның күш біріктіруі ғана емес, бұл еліміздің прогрессивті, жауапты және реформашыл күштерінің бір мақсатқа жұмылуы. Бұл мемлекет пен қоғамның мүддесін, ел болашағын жеке амбициялардан жоғары қоюдың жарқын үлгісі болды. Жетілген қоғамдық сананың нышаны, қоғамға берілген маңызды белгі", - деді "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай.

Айта кетері, "Әділет" партиясы 2026 жылдың 1 маусымында тіркелді.
Еске салсақ, 12 маусымда Amanat партиясының съезінде қатысушылар "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешімді бірауыздан мақұлдаған болатын.
Қазақстанда Құрылтай сайлауы биыл тамызда өтеді деп жоспарланып отыр.
Офис партии Аманат в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Съезде Amanat партиясын "Әділетке" қосу ұсынылды
Жаңалықтар
0