https://sputnik.kz/20260614/sezde-amanat-partiyasyn-adiletke-qabyldau-usynyldy-64104559.html
Съезде Amanat партиясын "Әділетке" қосу ұсынылды
Съезде Amanat партиясын "Әділетке" қосу ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Астанада "Әділет" партиясының съезі өтіп жатыр 14.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-14T13:01+0500
2026-06-14T13:01+0500
2026-06-14T13:23+0500
партия
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23528999_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_5a725161f6c7340dd12c7c64ceedb962.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. "Әділет" партиясының съезінде биліктің Amanat партиясын жаңа құрылған "Әділет" партиясының құрамына қосу ұсынылды."Біз Amanat партиясындағы әріптестерімізге және оның барлық мүшесіне үлкен құрметпен қараймыз. Олар ұзақ жылдар бойы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, өңірлерде жұмыс істеп, мол саяси және ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе енді ортақ мақсаттарға қызмет ететін қуатты әлеуетке айналады деп кәміл сенеміз. Бізді мықты мемлекеттік институттар құру, тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және заманауи саяси мәдениетті орнықтыру сияқты ортақ құндылықтар мен мақсаттар біріктіреді", - деді съезде "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай. Оның айтуынша, "Әділет" партиясына Amanat-тың қосылуы тар партиялық мүддеден жоғары тұрған, ұлттық жауапкерілікке негізделген парасатты шешім."Біз азаматтардың сенімін ақтауға, әділдікті мемлекеттік жүйе мен дамудың тұғырына, қажет десеңіздер ұлттық болмысқа айналдыруға тиіспіз. Осы мақсат үшін "Әділет" партиясы құрылды. Осы мақсатты ортақ көретін күштерді қатарымызға қабылдауға, құшақ жая қарсы алуға дайынбыз", - деді ол. Айбек Дәдебай съезд делегаттарын, партия мүшелерін AMANAT партиясының "Әділет" партиясына қосылуы туралы тарихи шешімді қолдауға шақырды.
https://sputnik.kz/20260614/astanada-adilet-partiyasynyn-sezi-otip-zhatyr-64104267.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23528999_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_df4eef5ad4527e0908c2d0afaebd70c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия
Съезде Amanat партиясын "Әділетке" қосу ұсынылды
13:01 14.06.2026 (жаңартылды: 13:23 14.06.2026) Астанада "Әділет" партиясының съезі өтіп жатыр
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. "Әділет" партиясының съезінде биліктің Amanat партиясын жаңа құрылған "Әділет" партиясының құрамына қосу ұсынылды.
"Біз Amanat партиясындағы әріптестерімізге және оның барлық мүшесіне үлкен құрметпен қараймыз. Олар ұзақ жылдар бойы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, өңірлерде жұмыс істеп, мол саяси және ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе енді ортақ мақсаттарға қызмет ететін қуатты әлеуетке айналады деп кәміл сенеміз. Бізді мықты мемлекеттік институттар құру, тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және заманауи саяси мәдениетті орнықтыру сияқты ортақ құндылықтар мен мақсаттар біріктіреді", - деді съезде "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай.
Оның айтуынша, "Әділет" партиясына Amanat-тың қосылуы тар партиялық мүддеден жоғары тұрған, ұлттық жауапкерілікке негізделген парасатты шешім.
"Біз азаматтардың сенімін ақтауға, әділдікті мемлекеттік жүйе мен дамудың тұғырына, қажет десеңіздер ұлттық болмысқа айналдыруға тиіспіз. Осы мақсат үшін "Әділет" партиясы құрылды. Осы мақсатты ортақ көретін күштерді қатарымызға қабылдауға, құшақ жая қарсы алуға дайынбыз", - деді ол.
Айбек Дәдебай съезд делегаттарын, партия мүшелерін AMANAT партиясының "Әділет" партиясына қосылуы туралы тарихи шешімді қолдауға шақырды.