Тоқаев ІІІ Чарльзге құттықтау хатын жолдады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЧарльз III
Чарльз III - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің королі ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Президент Корольдің Біріккен Корольдіктің игілігі жолындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.
Масуд Пезешкиан и Касым-Жомарт Токаев провели переговоры в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін құттықтады
Жаңалықтар
0