Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін құттықтады

© Photo : АкордаМасуд Пезешкиан и Касым-Жомарт Токаев провели переговоры в Акорде
Масуд Пезешкиан и Касым-Жомарт Токаев провели переговоры в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2026
Жазылу
Иран президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
"Өз кезегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.
Праздничный Ораза айт намаз в Центральной мечети Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Тоқаевты бірнеше елдің басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
0