Қытайдың ірі өнеркәсіптік провинциясы Қазақстанда өз орталығын ашты

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" / Пресс-служба министерства торговли и интеграции Казахстана Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды
Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
Ол қытай компанияларына қызмет көрсететін сервистік хаб ретінде жұмыс істеп, инвестиция, логистика және сауда байланыстарын күшейтуге жол ашады
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда Цзянсу провинциясының Орталық Азиядағы орталығы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" / Пресс-служба министерства торговли и интеграции Казахстана Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды
В Астане открыт новый Центр провинции Цзянсу в Центральной Азии - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды
Сауда және интеграция министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы кезінде орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сауда министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Астанадағы Цзянсу орталығының ашылуы өзара тиімді серіктестіктің заңды жалғасы әрі жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастырудың тиімді құралы болады.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" / Пресс-служба министерства торговли и интеграции Казахстана Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды
В Астане открыт новый Центр провинции Цзянсу в Центральной Азии - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды
Бүгінде Цзянсу провинциясының өнеркәсіптік өндіріс көлемі әлемдік өндірістің шамамен 4 пайызын құрайды. Цзянсу компаниялары Қазақстанда 63 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр.
"Бұл көрсеткіш провинцияның Орталық Азия елдеріне салған инвестицияларының жалпы көлемінің 47 пайызына тең", - дейді Шаққалиев.
Ал Астанада ашылған Орталық Азиядағы Цзянсу орталығы қытайлық компанияларға арналған бірыңғай сервистік хаб қызметін атқарады. Орталық консалтингтік қолдау көрсетіп, көрме қызметін ұйымдастыруға және "Жібек жолы" электронды коммерциясын дамытуға жәрдемдеседі.
Форум кезінде тағы бір маңызды құжатқа қол қойылды. Оған сәйкес, Ақтау портында жаңа контейнерлік жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жоба "есіктен шекараға дейін" қағидаты бойынша құрылатын бірыңғай логистикалық тізбектің құрамдас бөлігіне айналады.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта Цзянсу провинциясына қазақстандық бидай, ет және бал өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту көзделіп отыр.
Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Қазақстан мен Қытай шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді
Жаңалықтар
0