Қазақстан мен Қытай шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді
Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Жазылу
Бесінші тәулікте қырылу деңгейі 70–80%-ға жетіп, тоғызыншы тәулікте тәжірибелік топтардағы барлық дарақтың толық қырылғаны тіркелді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы жаңа буындағы биологиялық препараттың далалық сынақтары сәтті аяқталды. Зерттеу нәтижелері энтомопатогенді Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізінде әзірленген экологиялық қауіпсіз препараттың жоғары тиімді екенін көрсетті.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді
Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді
Далалық сынақтар Түркістан облысы Қазығұрт ауданының жайылымдық алқаптарында өткізілді. Биологиялық агент ретінде Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізіндегі препарат қолданылды. Бұл препарат химиялық инсектицидтердің тиімді әрі экологиялық қауіпсіз баламасы ретінде бағаланып отыр.
"Тиімділікті бағалау үшін өңделген шегірткелер арнайы далалық торларға 20 дарақтан орналастырылды. Сонымен қатар өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң бақылау топтары құрылды. Бақылау кезеңі бойы мамандар зиянкестердің қырылу көрсеткіштерін күн сайын тіркеп отырды", - деп жазылған хабарламада.
Жәндіктердің зақымдануының алғашқы белгілері өңдеуден кейінгі үшінші тәулікте байқалды. Бесінші тәулікте қырылу деңгейі 70–80%-ға жетіп, тоғызыншы тәулікте тәжірибелік топтардағы барлық дарақтың толық қырылғаны тіркелді.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді
Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді
Марокко шегірткесі (Dociostaurus maroccanus) жайылымдар мен ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі зиян келтіруге қабілетті, аса қауіпті шегіртке зиянкестерінің бірі болып саналады.
Ғалымдардың пікірінше, сынақ нәтижелері препараттың жоғары биологиялық тиімділігін және қоршаған ортаға қосымша химиялық жүктеме түсірмей-ақ шегіртке зиянкестерінің санын реттеуде энтомопатогенді саңырауқұлақтарды қолданудың келешегі зор екенін дәлелдейді.
Алдағы уақытта зерттеушілер сынақтарды Қазақстанның әртүрлі климаттық аймақтарында кеңейтуді, сондай-ақ аталған технологияны шегіртке зиянкестерін мониторингтеу және олардың санын реттеу жүйесіне енгізу бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуді жоспарлап отыр.
Биыл шегірткеге қарсы 2,2 млн гектардан астам жер өңделеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Биыл шегірткеге қарсы 2,2 млн гектардан астам жер өңделеді
Жаңалықтар
0