Павлодар облысында студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандар ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
Екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Павлодар облысында студенттер мен оқушылардан ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Екібастұз қаласында колледждің кәмелетке толмаған студенті танысымен жәбірленушіні автокөлікпен алып кетіп, оған қарсы күш қолданған. Екеуі 50 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды.
Ал Павлодар қаласында екі оқушы өз қатарластарынан бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны беруді талап еткен. Кейбір жәбірленушілерге қысым көрсету үшін әшкерелейтін бейнематериалдар да пайдаланылған.
“Аталған екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құқық қорғау органдары өзге де ықтимал қатысушыларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, сондай-ақ қосымша эпизодтардың бар-жоғы тексерілуде. Күдіктілер ақша беру кезінде ұсталды”,– дейді облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқарма бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Тәртіп сақшылары жастар арасында қылмыстық топтар құру, қылмыстық ықпал орнату және ақша бопсалау әрекеттері заңмен қатаң жазаланатынын ескертті.
Надпись Polisia на форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2026
Түркістан облысында шетелдіктерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0