https://sputnik.kz/20260613/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-13-mausym-64086339.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 маусым
Sputnik Қазақстан
13 маусымда не болғанын білесіз бе? 13.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-13T00:01+0500
2026-06-13T00:01+0500
2026-06-13T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1040/82/10408286_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_14a25b102527afe084829e41db1ae6c9.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.13 маусымда қандай қызықты оқиға болдыБүгін әлемде Халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен бекітілген. 2015 жылдан бастап жыл сайын атап өту жайлы шешім қабылданды. Альбинизм – реңсіздік, яғни, организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Ол рецессивті генге байланысты тұқым қуалайды. "Альбинизм" дертіне шалдыққандарды альбиностар деп айтады. Албинизмнің басты белгісі – адамның терісімен бірге шашы да сүттей ақ, ал көздері үнемі қызарып тұратындықтан өте нашар көреді.Сондай-ақ, бүгін – Кішігірім саяхат күні. Мерекені қалаған жеріңізде атап өтуге болады, тек бір сәтке айналаңызға көз жүгіртсеңіз болғаны. Барлығы сіздің көзқарасыңызға байланысты. Достарыңызбен бірге саябақта серуендеуге немесе табиғат аясына шығуға кеңес береміз.Сонымен қатар, бүгін – Түйреуіштің туған күні. Әдетте, үлкендер балаларды тіл-көзден сақтау үшін киімнің жиегіне көрсетпей, түйреуіш тағып қояды. Бұл аксессуардың тарихына үңілсек, түйреуішті біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда ежелгі шумерлер пайдаланған. Біз қолданатын кәдімгі түйреуіш 1825 жылдың 13 маусымында пайда болыпты. Оны америкалық Уолтер Хант ойлап тапқан.13 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар1782 жылы Швейцарияда дуагерлік жасағаны үшін Анна Гельди дарға асылды;1961 жылы Калугада Юрий Гагарин әлемдегі алғашқы космонавтика музейі ғимаратының іргетасын қалады;2000 жылы Солтүстік және Оңтүстік Корея көшбасшылары алғашқы кездесуін өткізді;2009 жылы Ирандағы президент сайлауында Ахмадинежад жеңіске жеткеннен кейін Тегеранда жаппай тәртіпсіздік басталды.13 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1924 жылы Орынборда қазақ ғалымдарының бірінші съезі жұмысын бастады. 18 маусымға дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинақтау және зерттеу туралы шешім қабылданды;1994 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігі екіге бөлініп, Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі мен Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі құрылды;1996 жылы энергетик, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шафық Шөкинге "Халық қаһарманы" атағы берілді;1998 жылы Германияда Қазақстан мәдениеті күндері өтті;2009 жылы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан қаржы министрлігі арасында "Батыс-Оңтүстік" автокөлік жолдарын дамыту жобасын іске асыру келісіміне қол қойылды;2017 жылы Жуалы ауданының Берікқара шатқалында біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан біздің заманымыздың V ғасыры аралығындағы кезеңге тән жерлеу дәстүрлеріне тиесілі таңғажайып материалдар табылды;2019 жылы Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. 13 маусымда туған танымал тұлғалар1956 жылы кеңестік және армян ауыр атлеті, КСРО төрт дүркін чемпионы (1977, 1979, 1981, 1982), бес дүркін Еуропа чемпионы (1977, 1978, 1980, 1981, 1983), жеті мәрте әлем чемпионы (1977-1981, 1983, 1985), Олимпиада ойындарының жеңімпазы (1980), әлемнің 43 дүркін рекордсмені Юрий Варданян дүниеге келді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1977);1957 жылы кеңестік футбол қақпашысы Ринат Дасаев туды.13 маусымда Қазақстанда кім туды1941 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Кенжеков дүниеге келді;1947 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалин өмірге келді;1953 жылы жазушы, аудармашы Ерлан Сатыбалдиев туды;1955 жылы композитор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбек дүниеге келді;1993 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиада чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Денис Тен өмірге келді.
https://sputnik.kz/20260612/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-12-mausym-64056962.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1040/82/10408286_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_aa9ce5aadba87b812db3128a78d5a381.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 маусым
13 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
13 маусымда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін әлемде Халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен бекітілген. 2015 жылдан бастап жыл сайын атап өту жайлы шешім қабылданды. Альбинизм – реңсіздік, яғни, организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Ол рецессивті генге байланысты тұқым қуалайды. "Альбинизм" дертіне шалдыққандарды альбиностар деп айтады. Албинизмнің басты белгісі – адамның терісімен бірге шашы да сүттей ақ, ал көздері үнемі қызарып тұратындықтан өте нашар көреді.
Сондай-ақ, бүгін – Кішігірім саяхат күні. Мерекені қалаған жеріңізде атап өтуге болады, тек бір сәтке айналаңызға көз жүгіртсеңіз болғаны. Барлығы сіздің көзқарасыңызға байланысты. Достарыңызбен бірге саябақта серуендеуге немесе табиғат аясына шығуға кеңес береміз.
Сонымен қатар, бүгін – Түйреуіштің туған күні. Әдетте, үлкендер балаларды тіл-көзден сақтау үшін киімнің жиегіне көрсетпей, түйреуіш тағып қояды. Бұл аксессуардың тарихына үңілсек, түйреуішті біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда ежелгі шумерлер пайдаланған. Біз қолданатын кәдімгі түйреуіш 1825 жылдың 13 маусымында пайда болыпты. Оны америкалық Уолтер Хант ойлап тапқан.
13 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
1782 жылы Швейцарияда дуагерлік жасағаны үшін Анна Гельди дарға асылды;
1961 жылы Калугада Юрий Гагарин әлемдегі алғашқы космонавтика музейі ғимаратының іргетасын қалады;
2000 жылы Солтүстік және Оңтүстік Корея көшбасшылары алғашқы кездесуін өткізді;
2009 жылы Ирандағы президент сайлауында Ахмадинежад жеңіске жеткеннен кейін Тегеранда жаппай тәртіпсіздік басталды.
13 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1924 жылы Орынборда қазақ ғалымдарының бірінші съезі жұмысын бастады. 18 маусымға дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинақтау және зерттеу туралы шешім қабылданды;
1994 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігі екіге бөлініп, Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігі мен Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі құрылды;
1996 жылы энергетик, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шафық Шөкинге "Халық қаһарманы" атағы берілді;
1998 жылы Германияда Қазақстан мәдениеті күндері өтті;
2009 жылы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан қаржы министрлігі арасында "Батыс-Оңтүстік" автокөлік жолдарын дамыту жобасын іске асыру келісіміне қол қойылды;
2017 жылы Жуалы ауданының Берікқара шатқалында біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан біздің заманымыздың V ғасыры аралығындағы кезеңге тән жерлеу дәстүрлеріне тиесілі таңғажайып материалдар табылды;
2019 жылы Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
13 маусымда туған танымал тұлғалар
1956 жылы кеңестік және армян ауыр атлеті, КСРО төрт дүркін чемпионы (1977, 1979, 1981, 1982), бес дүркін Еуропа чемпионы (1977, 1978, 1980, 1981, 1983), жеті мәрте әлем чемпионы (1977-1981, 1983, 1985), Олимпиада ойындарының жеңімпазы (1980), әлемнің 43 дүркін рекордсмені Юрий Варданян дүниеге келді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1977);
1957 жылы кеңестік футбол қақпашысы Ринат Дасаев туды.
13 маусымда Қазақстанда кім туды
1941 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Кенжеков дүниеге келді;
1947 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалин өмірге келді;
1953 жылы жазушы, аудармашы Ерлан Сатыбалдиев туды;
1955 жылы композитор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбек дүниеге келді;
1993 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиада чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Денис Тен өмірге келді.