https://sputnik.kz/20260612/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-12-mausym-64056962.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 маусым
Sputnik Қазақстан
12 маусымда не болғанын білесіз бе? 12.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-12T00:01+0500
2026-06-12T00:01+0500
2026-06-12T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1040/82/10408251_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_168c4a95dacd7400dffb7bea296afe24.jpg
Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.12 маусымда қандай айтулы оқиға болдыБүгін – Дүниежүзілік бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні. Мейрам 2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен пайда болды. Соның арқасында әлемдік қауымдастық жұмылып, балалардың құқығын қорғауға атсалысты, себебі әрбір адамның балалық шағын бақытты өткізуге хақы бар. Балалар еңбегін пайдалануда көшбасшы – Азия (153 миллиондай жұмысшы бала тіркелген), балаларды жұмысқа салу бойынша екінші орынды Африка (80 миллион бала) иеленді, одан кейін – Латын Америка (17 миллион бала).Бүгін – Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы күні немесе Ресей күні. 2002 жылға дейін бұл мейрам осылай аталып келді. Мереке - елдегі ең "жас" мемлекеттік мейрамдардың бірі. Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы 1991 жылы 12 маусымда РКФСР халық депутаттарының алғашқы съезінде қабылданған. Декларацияда мемлекет Ресей Конституциясы мен оның заңдарына бағынатыны айтылды. 1991 жылы ел тарихында алғаш рет жалпыхалықтық ашық президент сайлауы өтіп, Б.Н. Ельцин жеңіске жетті. Ол 1994 жылғы жарлығымен 12 маусымды Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдау күні деп жариялап, мемлекеттік мәртебе берді. Сонымен қатар бүгін балалар мен ересектерге ортақ ерекше мейрам – Шармен серуендеу күні. Қолыңызға шар ұстап серуендесеңіз, көңліңіз көтеріліп қана қоймай, тәбетіңіз жақсарып, аяқ-қолыңыздың бұлшық еті шынығады. Шармен серуендеу күні отбасыңызға қайталанбас көңіл-күй сыйлайды.12 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар1898 жылы Филиппин аралардарының тәуелсіздігі жарияланды;1945 жылы Францияда соғыс кезінде енгізілген баспасөз цензурасы жойылды;1973 жылы Женевада БҰҰ-ның жаңа органы – БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламаларын басқарушылар кеңесі жұмысын бастады;2014 жылы Сан-Паулуда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.12 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1854 жылы Сібір қазақтарының аймағы құрылды. Құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары кірген; 1886 жылы "Түркістан өлкесін басқару туралы" ереже қабылданды;1924 жылы Орынборда тұңғыш рет қазақ білімпаздарының І съезі басталды. Маусымның 12-18-і аралығында өткен бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қабылданды;1957 жылы ҚазКСР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен Екібастұз көмір елді мекенінің атауы Екібастұз қаласы болып өзгертілді;1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;2000 жылы Алматыда жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына орай ескерткіш ашылды;2010 жылы Астанада ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші учаскесін салу және Орталық Азия-Қытай газ құбырын кеңейту туралы келісім жасалды;2014 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші пленарлық отырысында "Тойота моторс" жобасы басталды;2015 жылы МАГАТЭ басқарушы кеңесі Қазақстанмен елдегі аз байытылған уран банкін құру және басқару бойынша келісімді мақұлдады;2019 жылы Атанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Ант беру рәсімінен кейін Мемлекеттік Әнұран орындалып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігі, төсбелгі, Президент штандарты және "Алтын Қыран" ордені табысталды. 12 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1920 жылы жазушы Лазарь Карелин дүниеге келді. Шығармалары – "Землетрясение", "Микрорайон", "Змеелов", "Даю уроки" романдары мен "Свой", "Общежитие" повестері;1924 жылы АҚШ-тың 41-ші президенті үлкен Джордж Буш дүниеге келді;1929 жылы еврей қыз, Германия тумасы, Гитлер билікке келген соң отбасымен бірге нацистік террордан қашып, Нидерландыда жасырынған Анна Франк дүниеге келді. Әйгілі "Анны Франктың күнделігі" еңбегін жазған;1981 жылы бразилиялық супермодель, Victoria's Secret періштелерінің бірі, Maybelline опа-далап компаниясының жарнамалық бейнесі Адриана Лима дүниеге келді.12 маусымда Қазақстанда кім туды1955 жылы бұрынғы сенат депутаты Владимир Волков дүниеге келді;1958 жылы ақын, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әуезхан Қодар дүниеге келді;1963 жылы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов дүниеге келді;1964 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров дүниеге келді. 1966 жылы заң ғылымдарының докторы, мәжіліс депутаты Марат Бәшімов дүниеге келді;1966 жылы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров дүниеге келді;1971 жылы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Байрамуков дүниеге келді.
https://sputnik.kz/20260611/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-11-mausym-64034882.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1040/82/10408251_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_7df8cebd803a100f52908325f3f852a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 маусым
12 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің қалай есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
12 маусымда қандай айтулы оқиға болды
Бүгін – Дүниежүзілік бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні. Мейрам 2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен пайда болды. Соның арқасында әлемдік қауымдастық жұмылып, балалардың құқығын қорғауға атсалысты, себебі әрбір адамның балалық шағын бақытты өткізуге хақы бар. Балалар еңбегін пайдалануда көшбасшы – Азия (153 миллиондай жұмысшы бала тіркелген), балаларды жұмысқа салу бойынша екінші орынды Африка (80 миллион бала) иеленді, одан кейін – Латын Америка (17 миллион бала).
Бүгін – Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы күні немесе Ресей күні. 2002 жылға дейін бұл мейрам осылай аталып келді. Мереке - елдегі ең "жас" мемлекеттік мейрамдардың бірі. Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы 1991 жылы 12 маусымда РКФСР халық депутаттарының алғашқы съезінде қабылданған. Декларацияда мемлекет Ресей Конституциясы мен оның заңдарына бағынатыны айтылды. 1991 жылы ел тарихында алғаш рет жалпыхалықтық ашық президент сайлауы өтіп, Б.Н. Ельцин жеңіске жетті. Ол 1994 жылғы жарлығымен 12 маусымды Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдау күні деп жариялап, мемлекеттік мәртебе берді.
Сонымен қатар бүгін балалар мен ересектерге ортақ ерекше мейрам – Шармен серуендеу күні. Қолыңызға шар ұстап серуендесеңіз, көңліңіз көтеріліп қана қоймай, тәбетіңіз жақсарып, аяқ-қолыңыздың бұлшық еті шынығады. Шармен серуендеу күні отбасыңызға қайталанбас көңіл-күй сыйлайды.
12 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
1898 жылы Филиппин аралардарының тәуелсіздігі жарияланды;
1945 жылы Францияда соғыс кезінде енгізілген баспасөз цензурасы жойылды;
1973 жылы Женевада БҰҰ-ның жаңа органы – БҰҰ-ның қоршаған орта туралы бағдарламаларын басқарушылар кеңесі жұмысын бастады;
2014 жылы Сан-Паулуда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
12 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1854 жылы Сібір қазақтарының аймағы құрылды. Құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары кірген;
1886 жылы "Түркістан өлкесін басқару туралы" ереже қабылданды;
1924 жылы Орынборда тұңғыш рет қазақ білімпаздарының І съезі басталды. Маусымның 12-18-і аралығында өткен бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қабылданды;
1957 жылы ҚазКСР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен Екібастұз көмір елді мекенінің атауы Екібастұз қаласы болып өзгертілді;
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
2000 жылы Алматыда жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына орай ескерткіш ашылды;
2010 жылы Астанада ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші учаскесін салу және Орталық Азия-Қытай газ құбырын кеңейту туралы келісім жасалды;
2014 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші пленарлық отырысында "Тойота моторс" жобасы басталды;
2015 жылы МАГАТЭ басқарушы кеңесі Қазақстанмен елдегі аз байытылған уран банкін құру және басқару бойынша келісімді мақұлдады;
2019 жылы Атанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Ант беру рәсімінен кейін Мемлекеттік Әнұран орындалып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігі, төсбелгі, Президент штандарты және "Алтын Қыран" ордені табысталды.
12 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1920 жылы жазушы Лазарь Карелин дүниеге келді. Шығармалары – "Землетрясение", "Микрорайон", "Змеелов", "Даю уроки" романдары мен "Свой", "Общежитие" повестері;
1924 жылы АҚШ-тың 41-ші президенті үлкен Джордж Буш дүниеге келді;
1929 жылы еврей қыз, Германия тумасы, Гитлер билікке келген соң отбасымен бірге нацистік террордан қашып, Нидерландыда жасырынған Анна Франк дүниеге келді. Әйгілі "Анны Франктың күнделігі" еңбегін жазған;
1981 жылы бразилиялық супермодель, Victoria's Secret періштелерінің бірі, Maybelline опа-далап компаниясының жарнамалық бейнесі Адриана Лима дүниеге келді.
12 маусымда Қазақстанда кім туды
1955 жылы бұрынғы сенат депутаты Владимир Волков дүниеге келді;
1958 жылы ақын, философия ғылымдарының кандидаты, мәдениеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әуезхан Қодар дүниеге келді;
1963 жылы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов дүниеге келді;
1964 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров дүниеге келді.
1966 жылы заң ғылымдарының докторы, мәжіліс депутаты Марат Бәшімов дүниеге келді;
1966 жылы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров дүниеге келді;
1971 жылы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Байрамуков дүниеге келді.