Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев11 маусым - күнтізбе
11 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2026
Жазылу
11 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

11 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Гавай аралдарында Камеамеа патшасының күні. Бұл мейрамды 1871 жылы патша V Камеамеа өз атасы, Гавай аралдарында Ұлы Камеамеа ретінде белгілі - I Камеамеаның құрметіне қабылдады. Алғаш рет мереке 1872 жылы тойланған.
Сонымен қатар, бүгін Ресейде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді. Шашыраңқы склероз дертіне шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. "Шашыраңқы склероз" деген атаудың кәрілік кездегі склерозға қатысы жоқ. Мұнда "склероз" - "тыртық" дегенді, ал "шашыраңқы" көптік мағынаны білдіреді. Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы науқасты мүгедек адамға айналдырады. Алғаш рет шашыраңқы склероз күні Ресейде 2010 жылы аталып өтті.

11 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1496 жылы Христофор Колумб екінші саяхатын аяқтады, бірақ Қытайға апарар жолды таппағандықтан, испан патшайымының қаһарына ұшырады;
1580 жылы испан конкистадорлары екінші рет талпыныс жасап, Буэнос-Айрестің негізін қалады;
1742 жылы Бенджамин Франклин тиімді пешті ойлап тапты;
1770 жылы Джеймс Кук Австралия жағалауында Үлкен барьер рифін ашты;
1930 жылы америкалық зоолог Уильям Биб пен инженер Отис Бартон өздері жасап шыққан батисферамен 400 метр тереңдікке түсті;
1942 жылы Вашингтонда КСРО мен АҚШ-тың арасында соғыс жылдарында жəне одан кейінгі кезеңдерде өзара көмек көрсету туралы шартқа қол қойылды;
1964 жылы бес жылға сотталған Нельсон Мандела жаңа жаламен қайта сотталып, бұл жолы өмір бойына абақтыда отыру жазасы кесілді;
2010 жылы футболдан 2010 жылғы әлем біріншілігі басталды.

11 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1594 жылы Тәуекел хан жіберген қазақ елшілігі Мәскеуге барды;
1918 жылы "Алаш" қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреті заңсыз деп жариялады;
1999 жылы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы жарияланды;
2015 жылы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің пленарлық отырысы өтті;
2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы 20 жылға созылған келіссөзді аяқтады;
2017 жылы Астанада "Тұрақты дамуға арналған энергетика" VIII халықаралық форумы мен министрлер конференциясы өтті;
2023 жылы қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Таиландтағы Азия чемпионатында 46 шақырымдық жарыста жеңіске жетіп, құрлық чемпионы атанды;
2024 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбарата-1 ГЭС-ін салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

11 маусымда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1811 жылы орыс ойшылы, жазушы, әдеби сыншы, публицист, философ Виссарион Белинский дүниеге келді;
1899 жылы жапон жазушысы, 1968 жылы "жапон халқының сана-сезімін жеткізетін жазушылық шеберлігі үшін" Нобель сыйлығын иеленген Ясунари Кавабата дүниеге келді (Шығармалары – "Қарлы тау", "Мың қанатты тырна", "Тау үні", "Ескі астана");
1910 жылы француз океанограф, аквалангты ойлап тапқан Жак Ив Кусто дүниеге келді;
1959 жылы британдық актер, "Алтын глобус" жүлдесінің үш дүркін иегері Хью Лори дүниеге келді ( "Доктор Хаус" сериалы).

11 маусымда Қазақстанда кім туды

1957 жылы Қостанай облысының атынан сайланған сенаты депутаты Серік Бектұрғанов дүниеге келді;
1958 жылы "Агрофирма "Родина" ЖШС бас директоры, құрылтайшысы, Қазақстанның ет-сүт одағының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович Сауэр дүниеге келді;
1964 жылы Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов дүниеге келді;
1984 жылы Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев дүниеге келді.
10 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 маусым
Жаңалықтар
0