Талдықорғанда үш жасар қызын өлімші етіп сабаған әкеге үкім шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
Ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Жетісу облысының Талдықорған қаласында үш жасар қызын өлімші етіп сабаған әкеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үш жасар Ақжарқынды аяусыз соққыға жыққан ер адам сотталды. Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған: дәрменсіз немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау және ұрып-соғу.
"Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Алайда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты мас күйінде жасағаны ескерілді. Сот үкімімен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", – деді Жетісу облыстық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, 2 ақпанда Талдықорғанда жантүршігерлік оқиға болған. Үш жасар Ақжарқынды әкесі өлімші етіп соққыға жыққан.
Оқиға кезінде анасы душ қабылдап жатқан. Бұл туралы Ақжарқынның анасы Жадыра Жұмақова бұған дейін Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында айтқан.
Бүлдіршінге шетелде ауыр ота жасалып, аман қалған. Алайда анасы күйеуін кешіре алмайтынын айтқан болатын.
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
"Жадыра, мен адам болмаймын": Талдықорғанда әкесі қызын өлімші етіп ұрып тастады
Жаңалықтар
0